Назарбаев Жәния Әубәкірованы басшылық қызметінен алып тастады

/uploads/thumbnail/20180612220853844_small.jpg

Жәния Әубәкірова консерватория ректоры қызметінен босатылды, - деп хабарлайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Өкімімен Жәния Яхияқызы Әубәкірова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Жәния Әубәкірова аталмыш оқу орынын 1997 жылдан бері басқарып келді. 

Айта кетейік, бұған дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қомақты қаражаттың қолды болуына байланысты дау-дамай туған еді. "Qamshy" ақпарат агенттігінде осы оқиғаға қатысты "Консерваториядағы "концерт":200 млн теңгені ұрлаған кім?" тақырыбында мақала жарияланды. Аталмыш оқу орнының қаржы және экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры Ботакөз Көпбаева Жәния Әубәкірованы ірі көлемдегі қаржының жоғалуына қатысы бар деп айыптаған болатын.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар