Қазақстандықтар балаларына көбіне қандай саясаткерлердің есімін берген?

/uploads/thumbnail/20180613111629775_small.jpg

Қазақстандықтар балаларына көбіне қандай саясаткерлердің есімін береді? Tengrinews.kz порталы анықтап көріпті. Алғашқы үштікке Асылжан, Нұрсұлтан және Кәрім есімдері кірді. Соңғы екі жарым жылда осы есімдермен 1 690, 1837 және 702 баланың аты аталған.

Тағы бір көп таралған есім – Бауыржан. 731 баланың есімі – Байбек. Оның 42-сі Бәйбек болып тіркелген.

Иманғали деген есім де жиі кездеседі. Соңғы екі жарым жылда 612 баланың есімі Иманғали аталған.

Сонымен қатар 42 баланың есімі – Бахытжан, ал 256 баланікі – Бақытжан.

Ахметжан – 109, Арыстанбек – 62, Тәңірберген – 84 (Танирберген –13). Бес баланың есімі – Қасым-Жомарт.

Саясаткерлерден сирек кездесетін есімдер – Қалмұханбет, Бердібек және Ғабидолла.

Тіпті елімізде әлемдік саясаткерлердің есімін беретіндер да бар екен. Мәселен бір баланың есімі – Дональд, екі бүлдіршінге Тереза деген есім қойған. Тағы екеуі Барак аталса, төрт балақай Эммануэль болып жүр. Ең көбі Саддам екен. Бұл есіммен қазақстандық 24 бала аталған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар