Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев 10 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл жайында Тенгриньюс жазады.
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев қомақты көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол жауапты мемлекеттік қызмет атқара жүріп, министрлік қарамағындағындағы ұйымдардың басшылары Сәкенов, Нүрекенов, Жұмасановтың заңға қайшы әрекеттерін жасырған. Ол әрекеті үшін Қарашев заңсыз сыйақы алып отырған. Оның көлемі 10 миллион теңгеден көп, - деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.
Пікір қалдыру