Бүгін түнде Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қашан екінші рет өнер көрсететіні ресми түрде хабарланды. Жекпе-жек 15 қыркүйекте Лав – Вегаста өтеді. Бұл жайында Спортс.кз хабарлады.
Golden Boy Promotions-тың соңғы ұсынысында гонорар бойынша Головкин жекпе-жектің 42,5 пайызын, Канело 57,5 пайызын алатын болып шешілді.
Бас қосу бір жарым сағатқа созылған. Басында Канелоның промоутері Оскар де ла Хойя Геннадийдің жекпе-жектен бас тартып отырғанын айтқан. Артынша екі жақ келісімге келген.
The Ring мәліметіне сүйенсек, Геннадий бұл жекпе-жектен соң 40 млн доллар көлемінде гонорар алады. Ал Канелоның гонорар көлемі хабарланған жоқ.
Пікір қалдыру