Ақтөбеде 9 айлық сәбиден менингококк жұқпасы анықталды. Сәби қазір ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сәби облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне «жедел респираторлы-вирустық инфекция» диагнозымен жатқызылған. Бұл жайында Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева мәлімдеді.
— Баладағы «менингококк жұқпасы» диагнозы зертханалық түрде расталды. Науқас емделу курсынан өтуде. Сәбидің жағдайы тұрақты, жақсарғаны байқалады. Онымен араласқан туыстары тексерілді, тексеру нәтижелері теріс. Оған медициналық бақылау орнатылды. Эпидемияға қарсы шаралар толық көлемде жүргізілді, - деді Нұрсұлу Беркімбаева.
Пікір қалдыру