Сейітқазы Матаев журналистер одағын қайта басқаратын болды

/uploads/thumbnail/20180118114033423_small.jpg

14 маусымда Қазақстан журналистер одағында есептік-сайлау конференциясы өтті. Онда видеобайланыс арқылы барлық өңірдің журналистері қатысты. Журналистер басқарманың алдағы уақыттағы міндеттері мен жоспарларын талқылады.

Сонымен қатар,қоғамдық бірлестікті басқару органдарының сайлауы өтті. Қазақстан журналистер одағының төрағасы болып Сейітқазы Матаев тағайындалды.

Айта кетейік, 2016 жылы Сейітқазы Матаев ақша жымқырды деген күдікпен үй қамауына алынған болатын. Оған қарсы «Алаяқтық» және «Салықтан немесе бюджетке ұйымның өзге міндетті төлемдерін жалтару» айыбы тағылған. Ал 2017 жылдың желтоқсанында Сейітқазы Матаевқа қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім шыққан болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар