"Соңғы уақытта Дашогуз мешіттерінде ұрлық жиілеп кетті. Келушілердің аяқ-киімдері, қалта телефондары жиі ұрланып жатады. Мұндай жағдайлар Ахал, Мары, Балкан уәлаяттарында және Ашхабадта жиі кездеседі", - дейді Азатлык тілшісі жергілікті тұрғындардың сөздеріне сілтеме келтіріп.
Сұқбат берушінің бірінің сөзінше, Рамазан айы басталғаннан бері 20 жұп аяқ-киім, кемінде бес велосипед жоғалған.
Мешіт қызметкерлері бұл оқиғаларды Рамазан айында қылмыс жасаған азаматтардың рухани азғындауы деп баға берген. Ал жергілікті шолушылар мұны елдегі экономикалық дағдарыстың ауыр екенін көрсетеді дейді.
Азатлык дереккөзінің хабарлауынша, бірқатар мешіттер бөлінген ақшаға бақылау камерасын орнатуды қолға алған.
Пікір қалдыру