Шу станциясында орын алған пойыз апатына қатысты арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Көлік комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 маусымда сағат 13:25 шамасында Сары-Шаған - Шу станциясында Астана-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының 8 вагоны рельстен шығып кеткен болатын.
Пойыз машинисті жолдың қисық екенін көріп, бірден тежегішті басып қалған.
Аталмыш оқиғаның мән-жайын толық зерттеу мақсатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік Комитетінің жанына арнайы комиссия құрылды.