Мысыр құрамасының қақпашысы Мохамед Эль-Шенави әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Уругвайға қарсы матчта үздік ойыншы атанған еді, алайда жүлдені алудан бас тартты, деп хабарлайды prosports.kz. Себебі жүлдені сыра маркасының өкілдері береді. Ал Эль-Шенави мұсылман болғандықтан, ішімдікке қарсы екенін білдірген.
Естеріңізге салсақ, Мысыр - Уругвай матчында оңтүстікамерикалықтар 1:0 есебімен жеңген болатын.