Шымкентте қайтыс болған науқас менингит жұқтырған – ДСМ

/uploads/thumbnail/20180531155844484_small.jpg

Шымкентте 15 маусымда қайтыс болған жасөспірімнің менингококк инфекциясын жұқтырғаны расталды. Бұл туралы Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ведомство елдегі менингококк инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай туралы хабарламасында жыл басынан бері менингитпен 62 адам ауырғанын, оның 13-і қайтыс болғанын айтады. Көз жұмғандардың алтауы - Алматы қаласы, үшеуі - Алматы облысы, үшеуі - Оңтүстік Қазақстан облысы, біреуі - Қызылорда облысының тұрғыны. 42 науқас ауруханадан емделіп шыққан, жеті науқас емделіп жатыр.

Алматы облысында соңғы екі күнде үш адам менингококк жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен. Қазір зертханалық тексеру жүргізіліп жатыр.

Қатысты Мақалалар