ҚМДБ: Телібековтің есімін мұсылмандық ұйыммен байланыстырмаңыздар

/uploads/thumbnail/20170708171551133_small.jpg

Осыған дейін елімізде 26 сәуірде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша Президенттікке үміткер болуға ниетті Мұрат Телібековтің мәлімдемесі бірқатар қазақстандық БАҚ-та жарияланған.

ҚХА ұсынысын Үкімет мүшелері және ҚР Президенті  мақұлдағаннан кейін Qamshy.kz порталының тілшісі халық арасында өзін "ҚР Мұсылмандар одағының төрағасы" деп таныстырған Мұрат Телібеков мырзадан сұхбат алған болатын. Онда Мұрат мырза өзінің басқарып отырған ұйымы "Әділет басқармасына" тіркелгенін, құрамында 523 747 кісі мүше екенін, өзінің кандидатурасын 1 456 329 кісі ұсынғанын және алдағы сайлауға міндетті түрде қатысуға ниетті екенін  айтқан болатын.

 Белгілі болғандай, бір топ азамат ҚМДБ-ға  «Мұсылмандар одағының» Діни басқармаға қатысы бар ма? М.Телібековтың мұсылмандар атынан өзін ұсынатын құқығы бар ма? Дейтін мазмұнда сұрақтар жолдаған.

Осы сұрақтарға ҚМДБ-ның жауабы мынадай болыпты:

Біріншіден, біздің сұрауымыз бойынша Діни басқармаға Әділет министрлігі тарапынан ресми жауап хат келіп түсті.

Осы хатта «Қазақстан мұсылмандар Одағының» ұйым ретінде еш жерде тіркелмегені көрсетілген.

Сондай-ақ, М.Телібеков қандай да бір діни бірлестіктің басшысы не болмаса мүшесі ретінде тіркелмеген.

Осы орайда, ҚМДБ М.Телібековтың өзін «Қазақстан мұсылмандар одағының» басшысы ретінде айтуға және тіркелмеген ұйымның атынан сөйлеуге құқығы жоқ деп санайды.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдерінен ендігі жерде М.Телібековтың есімін еліміздің мұсылмандық ұйымдармен байланыстырмауын және барлық ақпаратты толыққанды тексеріп отыруын сұраймыз делінген.

Екіншіден, қоғамдағы діни мәселелер бойынша пәтуа шығаратын ресми мекеме – ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі.

Осыған орай, пәтуа беру мәртебесіне ие болмаған және барлық мұсылмандардың атынан сөйлейтін адамның әрекеттерін ҚМДБ құптамайды.

Бұл – мұсылман үмбетінің бірлігіне сызат түсіріп, бөлінуіне ықпал етеді. Мұсылман пенденің адамдар арасында бүлік тудыруы дұрыс емес дейді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір сөзінде нағыз мұсылманды адамдарға тілімен де, ісімен де зиян тигізбеген пенде деп сипаттаған деп дәлел келтіреді.

Қатысты Мақалалар