Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова 1915 жылы Орынбор қаласында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген соң зейнетке шыққанға дейін дәрігер болып қызмет атқарды. Ол - «Алаш» қозғалысының қайраткерлері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов сияқты тұлғалар туралы деректерді алғаш жариялаушы. Алматыдағы орталық мұражайға, Торғайдағы, Қостанайдағы, Семейдегі және Астанадағы мұражайларға саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты олардың жеке заттарын, кітаптарын, суреттерін, хаттары мен құжаттарын тапсырған. Баспасөзде Гүлнар Дулатованың очерктері мен эсселері 1988 жылдан бастап жариялана бастады. 1995-1999 жылдары «Свет истины» («Шындық шырағы») атты екі томдық кітабы жарық көрді. Ол - Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» кітабын және көптомдық шығармалар жинағын құрастырушылардың бірі. Қамшы.kz порталының ұжымы марқұмның отбасы мен ағайын-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады!
Пікір қалдыру