Атырау қаласында заманауи құрылыс нысаны салынып жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Салынған ғимараттың екінші қабатында қазақ, орыс француз, ағылшын және түрік тілдерін тереңдетіп үйрететін сыныптар орналасады. Елбасы Назарбаев өзінің "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында Латын әліпбиіне өту міндеттемесін қоя отырып, "Бірінші, отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт." деген болатын.
Соңғы технологиямен жабдықталатын ғимарат 4 қабаттан тұрады. Онда күрес залы, спорттық гимнастика мен жеңіл атлетика секциялары жұмыс істеп, баскетбол алаңы мен жүзу бассейні де ашылады. Сондай-ақ жастарға арнғалған 300 орындық мәжіліс залы түрлі мәдени шараларды өткізуге қолайлы.
Құрылыс алаңының басшысы Ғабдол Сәрсембиев: "Бір сөзбен айтқанда, үлкен кешен. Жан-жақты, балалардың бос уақытында демалып, өздерінің денелерін шынықтыруға, алға қарай өздерін дамытуға көп үлесін қосады деп ойлаймын. Құрылыс қарқынды жүруде, 150 адам жұмыс істейді. Қазіргі кезде құрылыс өзінің уақытымен жүргізіліп келе жатыр.", деп атап өтті құрылыс жұмысы туралы.
Пікір қалдыру