Мемлекет басшысының келісімімен және бас прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты әділет кеңесшісі Дастан Шаймерденұлы Сартаев бас әскери прокурор лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дастан Сартаев 1959 жылы туған.
С.М. Киров атындағы ҚазМУ "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысы прокуратурасы органдарынан бастады. Аудан және қала прокуратураларына басшылық етті. Ақтөбе, Атырау және Павлодар облыстарының прокуратураларын басқарды. 2014 жылдан бастап Маңғыстау облысы прокуроры лауазымында болды.
Заң ғылымдарының кандидаты.
"Құрмет" және ІІ дәрежелі "Даңқ"ордендерімен марапатталған.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 36 жыл.
Пікір қалдыру