«Нұр-Медиа» холдингіне жаңа директор тағайындалды

/uploads/thumbnail/20180705165907199_small.jpg

«Нұр-Медиа» холдингіне жаңа директор тағайындалды. Бұл жайында «Нұр Отан» партиясының төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Бүгін «Нұр-Медиа» холдингінің жұмысшыларына жаңа директорды таныстырдым. Бұл қызметке телевидение саласының білікті маманы, табысты топ-менеджер, тілші Ләззат Мұратқызы Тынысбай сайланды.

Ол өзінің кәсіби мансабын «Қазақстан» арнасында бастап, «Хабар» арнасында жалғастырған. Елбасының баспасөз-қызметінде түрлі қызметтерді атқарған. «Астана» арнасына келерден алдын ақпарат және байланыс вице-министрі болып жұмыс атқарған.

Ләззат Тынысбайға жаңа қызметінде үлкен жетістіктер тілейміз!» - деп жазады Мәулен Әшімбаев.

 

Қатысты Мақалалар