Жанарбек Әшімжан – "Ана тілі" газетінің бас редакторы

/uploads/thumbnail/20180709131926643_small.jpg

Белгілі журналист, ақын Жанарбек Әшімжан республикалық "Ана тілі" газетінің бас редакторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жанарбек Әшімжан 1976 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында туған.

1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

1996–1999 жж. қалалық «Алматы ақшамы» газетінде тілші, 2000 жылы «Қазақстан» журналында бөлім редакторы қызметтерін атқарған.

2000–2005 жж. республикалық «Жас Алаш» газетінде бөлім меңгерушісі, 2005–2008 жж. республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталығында бас редактордың орынбасары болып қызмет еткен.

2008–2018 жж. Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Жұлдыз», «Простор», «Сын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеттерін біріктірген «ҚаламгерМедиа» орталығының директоры қызметін атқарды.

2012–2018 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар