Алтай қаласында тұратын Аршын Намазбекұлы биыл 28 жаста. Ол 7 жыл ішінде түрлі мултьфильм образдарынан 3157-сін жобалап және сызып, ең көп мултьфильм образын (адам, жануар, ғажайып мақұлық) жасаған адам ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді.
Төменде қытайлық «Соңғы бір шақырым» сайтының тілшісіне берген қысқа сұхбатын ұсынымыз:
– Куәлікті алған кезде тосын сезілмеді ме?
– Жоқ, тосын сезілмеді, өйткені өзімде осы мақтасқа сөзсіз жетем деген іштей сенім бар еді. Қазір де жалғасты үйреніп шығармашылықпен шұғылданып жатырмын, келешекте бұдан да сапалы образдар жаратсам деймін.
– Сіз Алтайда шығармашылықпен айналысып жатырсыз, болашақта бұдан да үлкен қалаларға барып айналысу ойыңызда жоқ па?
– Қазіргі ғаламтор технологиясы үйден шықпай ақ көптеп шаруалар тындыруға мүмкіндік береді, әзірге ешқайда кету ойымда жоқ.
– Болашақтағы образдарыңызда Шин Зияңның өзіндік ерекшеліктері де көрініс таба ма?
– Шин зияң өте көрікті мекен, туған қалам Алтай да әлемге әйгілі саяхат орны, келешектегі жұмыстарымда сөзсіз Шин Зияңның өзіндік ерекшеліктері көрініс табатын болады. Жұмыстарымды бағалаған У Хуа Жияң мырза былай деген еді: Аршынның образдары біріншіден саны жағынан көп, екіншіден өте әдемі, үшіншіден образдары анық және өте актуальды.
Енді Аршын жасаған образдардың біразын тамашалап көрейік:
serjan.kz