Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото)

/uploads/thumbnail/20170708171758579_small.jpg

Қазақстандық іскер әйелдер өз кәсібін сәтті дөңгелеткеннен бөлек танымалдыққа ие болуда. Оларға ұқсағысы келетіндер мен үлгі тұтатындар саны күн санап көбеюде.

Әлеуметтік желідегі жазбалары үлкен талқыға түсіп, танымал әйелдердің парақшалары сөзталас алаңына да айналып жатады. Осыған орай nespi.kz сайты  желіде өте танымал қазақстандық әйелдердің тізімін жариялады. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының инстаграм парақшасында 80 мыңнан астам досы бар. "Балапан" телеарнасының директоры өз жазбаларын тек қазақ тілінде жүргізеді. Ол әлеуметтік желідегі достарымен түрлі түсірілім барысындағы танымал азаматтармен түскен суреттерімен бөлісіп отырады. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) "Милосердие" қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин да әлеуметтік желіде танымал әйелдердің бірі. Ол  желідегі парақшаларына негізінен ауыр дертке шалдыққан балаларға жасалған көмек жайлы мағлұматтар таратады. Аружанның өзі "Әлеуметтік желі әлеуметтік көмек көрсету үшін қызымет көрсетуі керек" дейді. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) Әнші, продюсер, танымал тележүргізуші Әсел Сәдуақасованың инстаграм достарының саны бүгінде 236 000-ға жеткен. Әсел желідегі достарына түрлі түсірілімдерден, жұлдыздар арасындағы той-жиындардағы сәттерден сурет жолдап отырады. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) Әнші, тележүргізуші Аша Матайдың өміріне, ісіне қызығатындар саны аз емес. Ол желідегі достарына әшекей заттардың түр-түрін жарнамалайды десек артық айтқандық емес. Бұдан бөлек Аша Матай достарын жалықтырмай, жұлдыздар арасындағы жабық кештерден, алуан түрлі киімдегі суреттерімен бөлісіп отырады. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) Әнші Мақпал Исабекова инстаграм парақшасында талай рет қатаң сынға ілікті. Бірде тіпті "Мақпал желідегі достарына қапа болып енді инстарамды қолданбайтын болды" деген әңгіме тарады. Бірақ көп уақыт өтпей-ақ бұл сөздің жалған екені анық болды. Десе де, әнші өзінің сыртқы келбетіне апта сайын тәжірибе жасауды жалғастыруда. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) Белгілі актриса Әсел Сағатова да инстаграм желісіне жиі суреттерін салады. Алайда жеке өмірін құпия ұстайтын Әсел тек жұмыс барысындағы, түсірілім кезіндегі әріптестерімен түскен суреттерін салады. Бұл актриса да "Ирония любви" фильміне түскеннен кейін қатаң сынға алынған еді. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) Сабина Алтынбекова соңғы бір жылдан астам уақытта үлкен танымалдылыққа ие болды. Қарапайым волейболшы қыз өзінің сыртқы сұлулығының арқасында тек Қазақстанда ғана емес, Қытай, Жапония сынды алып елдерде де кеңінен танылды. Оның инстаграм парақшасында 400 мыңға жуық досы бар. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова да соңғы жарты жылда инстаграм желісін белсенді пайдаланып жүр. Оның әлеуметтік желіде жүз мыңға жуық досы бар. Әнші өз әндерінен, бейнебаяндарынан үзінділер салып отырады. Сондай-ақ отбасылық қуаныштарымен бөлісіп отыруды да әдетке айналдырған. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) Қазақстанның Халық әртісі Роза Қуанышқызының әлеуметтік желідегі парақшасында 60 мыңнан астам досы бар. Әнші  күнделікті өмірінен, іс-сапарларынан, бейнебаяндарынан үзінділер салып отыруды әдетке айналдырған. Роза Қуанышқызының жазбаларына қарап, көп уақытын жұмысына арнағанын байқауға болады. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) Белгілі продюсер, тележүргізуші Баян Есентаеваның инстаграмда 550 мыңға жуық досы бар. Ол желідегі парақшасында өз жобаларының жетістіктері, жаңалықтарымен бөлісіп отырады. Соңғы кездері осы уақытқа дейін көкейіне түйген өмірлік тәжірибесімен бөлісуді әдетке айналдырған. Әрине, Есентаеваның жетістіктерін үлгі ететіндер саны өзгелермен салыстыруға келмейді. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) Әлеуметтік желі арқылы тележүргізуші Айгүл Мүкейдің жүзін аңдығандар да аз емес. Ол өзінің инстаграм парақшасына ұлы Асанәлімен түрлі елдерге жасаған саяхатынан, жұмыс барысындағы сәттерден сурет, видео үзінділерімен бөлісіп отырады. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) Turkvision-2014 байқауының жеңімпазы Жанар Доғалованың инстаграм парақшасындағы достарының саны 260 мыңға жеткен. Ол жұмыс барысындағы қызықты сәттеріне суреттер салып отырады. Жанар Доғалова парақшасын қазақ тілінде жүргізіп отырады. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) Әнші, тележүргізуші талайды сыртқы сұлулығымен қызықтыратын Дильназ Ахмадиеваның инстаграм парақшасында 235 мың жазылушы бар. Ол табынушыларына шығармашылық сәттен қызықты суреттер салып отыратын. Соңғы кездері бірнеше рет өмірлік жарын да көрсеткен еді. Бұдан бөлек шығармашылықтың адамы қуанышты, көңілі түскен сәттерді де достарына жазып отырады. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) 25 жасында талай белгілі фильмдерде басты ролді сомдаған Айсұлу Әзімбаеваның да әлеуметтік желіде достары көп. Жас та болса Айсұлу өзінің сұлулығы мен сүйкімділігімен көпшілікті баурап алды. Ол әлеуметтік желідегі достарына жеке өмірімен, түсірілім барысындағы сәттермен бөлісіп отырады. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) Бұрыңғы мәжіліс депутаты Бақыт Сыздықова да әлеуметтік желілердің бірнешеуін бірден қолданады. Ол өзінің көңілділігі мен ашықтығымен көпшілікке ұнайды. Желідегі парақшаларында саяси жағдайларға байланысты жиі пікір қалдырады. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) Тележүргізуші Динара Сәтжанның да әлеуметтік желіде достары көп. Ол  желіге түрлі демалыстарынан, отбасындағы қуаныштарынан, түсірілім барысынан суреттер мен қысқа видео салып отырады. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) "Кешyou" тобының бұрынғы әншісі Айдана Мәденова да инстаграм желісіне күніне жоқ дегенде екі сурет салады. Көбінде әнші достары, әріптестерімен жүрген сәтпен бөліседі. Соңғы кездері әнші тұрмысқа шығатынын, болашақ жарының сыйлықтарын жиі жариялап жүр. Әлеуметтік желідегі танымал әйелдер (фото) Гүлнар Силыбаева да vk,twitter желілерін жиі пайдаланатындардың бірі. Инстаграм парақшасында талантты актриса түрлі жобалардағы қызықты сәттермен бөлісіп отырады. Актриса өзінің көңілді әрі қызықты жазбаларымен оқырмандарының көңілінен шығып жатады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар