Баян Есентаева ауыр сырқатқа ұшыраған қыздың арманын орындады (фото)

/uploads/thumbnail/20170708171800237_small.jpg

Танымал продюсер Баян Есентаева ауыр сырқатқа ұшыраған қыз баланың арманын орындады. Мереке қарсаңында ол өзімен кездесуді армандаған Аружанның үйінде қонақта болды.

 Баян Есентаева ауыр сырқатқа ұшыраған қыздың арманын орындады (фото) Аружан 9 жасқа келгенде, оның бойында онкологиялық ауру анықталды. Дәрігерлер қойған қауіпті диагнозбен Аружан 3 жыл бойы күресіп, химиялық терапияны қабылдап, нәтижесінде сырқатты жеңіп шықты. Бүгінде сабақтан қалмай, таеквондо үйірмесіне қатысып жүрген Аружан бала күнінен Баян Есентаеваның жанкүйері екен. Танымал тележүргізуші әрі продюсерді көрген сайын қызыға қарайтын ол Баянмен кездесуді армандаған. Баян Есентаева ауыр сырқатқа ұшыраған қыздың арманын орындады (фото) Жақында Аружанның арманы орындалып, Баян Есентаева оның отбасында қонақта болды. Құрметті қонақ құр келмей Аружанға iPhone, жүзік, ал анасына отандық дизайнердің көйлегін сыйға тартты. Өзімен жүздесу қыз балаға орасан қор қуаныш пен күш-қайрат бергенін көрген продюсер Аружанға айына бір рет кездесуді ұсынды. Қуанғаннан көзіне жас алған Аружанды Есентаева болашақта "Кешью" құрамына аламын деп қуантып кетіпті. Айтуынша, қыз баланың бойынша әртіске тән барлық қасиеттер бар. Продюсер осы уәдесінде тұру үшін алдағы уақытта аянып қалмайтынын жеткізді. NUR.KZ

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар