Храпуновтардың соты Алматыда өтеді

/uploads/thumbnail/20171020143229135_small.jpg

Прокуратура Алматының бұрынғы әкімі мен оның әйеліне қатысты іс аяқталғанын хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Олар пара алу, қылмыстық топты басқару және бюджет ақшасын жымқыру бойынша айыпталып отыр. Мемлекетке 250 миллион доллар шығын әкелген.

Алматы сотында Храпуновтардың ісінен бөлек Айяра Ілисова мен тағы тоғыз адамның ісін қарайды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілгенде Виктор мен Лейла Храпуновтар тергеуге шақырылған, бірақ олар келмеген. Храпуновтар 10 жыл бойы Швейцарияда тығылып жүр. Айыптау актісі олардың өкілдеріне табысталды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар