Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты – спорттың бұл түрін қадірлейтіндер үшін аса маңызды шара. Ресейдегі 11 стадионның бірінен бірнеше минуттық футбол трансляциясын көргендердердің барлығының футбоға деген ессіз махаббатын оятып жібергендей. Осы жылғы әлем чемпионаты, шын мәнінде, ерекше өтті десек артық болмас. Биылғы әлем чемпионатының ерекшелігі – тек әлем фаворитіне айналған командалардың шығып кетуі және видео-қайталау секілді жаңалықтар ғана емес. 2018 жылы өткен әлем чемпиона жайында сіздер білмейтін 9 құпияны назарларыңызға ұсынамыз.
9 Бірегей география
Ресей футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болғаннан кейін, Шығыс Еуропадағы ең беделді мемлекетке айналды.
Тек бұл ғана емес. Алғаш рет әлем чемпионаты бір уақытта ғаламның екі бөлігінде өтті – Еуропа және Азияда. Бұл да Ресейдің орналасқан жеріне тікелей байланысты.
8 Доп
2018 жылғы әлем кубогы добының пішіні әдеттегідей домалақ шар емес, қисайған текше іспеттес боды.
7 Сыйақы мөлшері
Әлем чемпионатында жеңіске жету – өте үлкен табыс және ол үшін айтарлықтай сыйақы берілетіні анық.
Биылғы әлем чемпионатына қатысушыларға 400 миллион доллар бөлінген. Бұл алдынғы чемпионаттан 181 миллион доллардан көп. Ал бірінші орынға ие болған командаға 38 миллион доллар беріледі.
6 Хип-хоп гимн
Әлем чемпионаты гимнін жазуға әйгілі американдық актер Уилл Смит қатысқан.
5 Қатысушылар
Әлем чемпионатына 32 команда қатысты. Сонымен қатар, бұл чемпионат Панама және Исландия құрамаларының дебюты болды. Панама құрамасының ойыншалырың төлемақысы Португалияның бір ғана ойыншысы Криштиану Роналдоның төлемақысынан 20 есе аз.
Ал Исландия құрамасы ойыншыларының барлығында екінші мамандық бар. Бірі дантист, бірі қоқыс тазалаушы, бірі заңгер болса, қақпашысы Ханнес Халльдоурссон бейнебаяндардың режиссеры.
Сонымен қатар, тарихта бірінші рет Ресей құрамасы Испания ойыншыларын жеңіп, ширек финалға шықты.
4 Болжам жасаушы
Әлем чемпионатының ең нәтижелі болжаушысы Эрмитажда өмір сүретін Ахилл мысығы болды. Бұл мысық Ресей құрамасының жеңісін екі рет дұрыс болжап берген.
3 Кубок
Әлем чемпионатында табысталатын кубок малахит негізіндегі 18 карат алтыннан жасалған. Кубокта әлемді тіреп тұрған екі адамның дене пішіні бейнеленген. 1974 жылдан бері әлем чемпионы аталған құрамалардың атауын кубокты төңкеріп көруге болады.
2 Жанкүйерлер
Футбол чемпионатының негізгі құрамы – жанкүйерлер, ал 2018 жылғы әлем чемпионатында олар өздерінен асып түсті.
Әлемдегі ең күшті жанкүйерлердің бірі – мексикандықтар. Олар өздерінің құрамасына қолдау көрсеткендері соншалық, кішігірім жер сілкінісін жасап жіберген.
Ал Аргентинаның аңызға айналған ойыншысы Диего Марадона әлем чемпионатын тегін VIP-орында отырып тамашалап қана қоймай, ойынды көруге барғаны үшін әр күніне 11 мың евро қаржы алады. Сонымен қатар, оның жол-ақысы және басқа да шығындары толығымен төленеді.
1 Мемдер
Әлемнің әр жерінен жиналған әзілкештер де қол қусырып отырған жоқ. Әлем чемпионаты күлкілі мемдер жасайтындарға ерекше шабыт сыйлады.
Дереккөзі: Adme.ru
Пікір қалдыру