Назарбаев қайырымдылық шараларына 600 мың доллар қаражат аударды

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қайырымдылық мақсатында 600 мың доллар қаражат аударды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды.

Президент Қытайға сапары кезінде алған "Жібек жолы" бейбітшілік сыйлығының қаражатын қорлардың әрқайсысына 300 мың доллардан бөлетінін жеткізді. "Бұл қаражат, әрине, барлық түйткілді шешпейді. Бірақ оның берілуі біздің қоғамды қайырымдылыққа көбірек көңіл бөлуге үндейтін белгі болып саналады. Біз наурыз мейрамы қарсаңында кездесіп отырмыз. Бұл мерекенің мәні – бір-бірімізге, әсіресе балаларға көмектесу", – деді мемлекет басшысы кездесу барысында.

NUR.KZ

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар