Шымкентте ауыл мектебіндегі психологті атып өлтірді

/uploads/thumbnail/20170708171828577_small.jpeg

Шымкенттегі ықшамаудандардың бірінде басына оқ тиген жігіт тіл тартпай кетті.

Марқұмның қала сыртындағы мектептердің бірінде психолог болып жұмыс істегені анықталды. Ол әйелін тіс дәрігеріне апару үшін арнайы жұмыстан сұранып кеткен. Алайда, ол үшін бұл сапар соңғы болып шықты. Психолог жігітке жолда белгісіз біреулеп оқ атып, ол оқиға орнында қайтыс болды. ОҚО Ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімнің жетекшісі Салтанат Қаракөзова қанды қылмысты ашу үшін ең мықты деген тәртіп сақшыларының кіріскенін айтты. Әзірге, нәтиже жоқ.

Қатысты Мақалалар