Ағаш түбінен табылған 5 жасар бала тілге келді

/uploads/thumbnail/20180723132343176_small.png

Алматыда шығыс айналма жолында көлік қағып кеткен бес жасар бала тілге келді. Бұл туралы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқарманың берген деректеріне сәйкес, баланың жағдайы әлі де ауыр, алайда тұрақты. Ал ертең нейрохирургия бөліміне ауыстырылады екен.

«Бала есін толық біледі. Сұрақтарға дұрыс жауап беріп жатыр», - деді басқарма өкілі.

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын «Ақкент» тұрғын үй кешені жанында ағаштың түбінен ауыр халде жатқан 5 жастағы бала табылды. Деректерге сәйкес, оны көлік қағып кеткен. Көлік жүргізушісі 5 жасар Дінмұхаммедті ауруханаға апарудың орнына төсенішке орап ағаштың түбіне тастап кеткен еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар