Екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

/uploads/thumbnail/20180723144016070_small.jpg

 Алматыдағы автобустардың соқтығысуы салдарынан зардап шеккен жолаушылардың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұржан Исабековтің мәліметінше, апаттан 21 адам зардап шеккен екен, оның үшеуі балалар. 16 адам үйлеріне қайтарылды, алайда дәрігердің бақылауында болады. Бес адам ауруханаға жатқызылды.

Бес адамның үшеуі қалалық жедел-жәрдем ауруханасына жеткізілді, ал екеуі орталық клиникалық ауруханада. Ішінен жарақат алған 46 жастағы ер адамға ота жасалды.

«Пациенттердің жағдайы қалыпты. Ауыр халде жеткен ешкім жоқ. Ең кіші пациенттің жасы – 6-да, ал үлкені – 60-та», - деді Исабеков.

Автобус апаты

Айта кетейік, 2018 жылдың 22 шілдесінде екі автобус бетпе-бет соқтығысып қалған. Жол апаты Алматыдағы Достық даңғылының бойы, Құрманғазы мен Абай көшелерінің ортасында болды.

«Алматыэлектркөлік» ЖШС басшысы Ризван Тынаевтың айтуынша, жол апаты жайлы толық ақпарат тергеу жұмыстары аяқталған соң жарияланады. Анықталған деректерге сәйкес, жүргізуші қол тежегішін салмаған. Оның үстіне соқтығысқан автобустар жаңа болған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар