«Ассалаумағаликум, ғазиз бауырлар, қандастарым, Алланың атымен болса да бір-бірімізге әділ, шынайы, адал болайық. Иә, біз ұйғырлар соңғы екі ғасырдан бері азап пен тозақ өтінде өмір сүріп келеміз. Бұл – сондағы қазақ бауырлар да біз көрген күнді көрсін деген ниетті білдірмейді…Қандас – қашан да қандас болып қала бермек. Біз ұйғырлар мен қазақтар әлі күнге білмейтін, құпия сырлар көп. Бұл сыр – ешкім білмейтін ақиқат, яғни, қазақтардың – ұйғыр халқының бір тармағы екендігі. Зәудеғалам, сондай бір күндер келіп, Қазақстан халқы «Нағыз ұйғырлар – мына біз едік!» дей қалса біз ештеңе айта алмай қалар ек. Өйткені, бүгінде тарихи шындықты ешкім қабылдай алмас еді!», — деп басталады «Ұйғырстан мәдение орталының » президенті Күрес Атаханның хаты.
Германияда тұратын тарихшы, журналист Күрес Атахан Ұйғырлар Ұйғыр Орхон империясы, Ұйғыр Едіқұт мемлекеті және Ұйғыр Кеңсу мемлекеті секілді үш мемлекет құрған. Бұл жөнінде жазылған тарихи кітаптардың мазмұнында «Ұйғыр» деп тілге тиек болғандар ішінде бүгінде «Қазақ» деп аталған халықтар басым көп санды иелейді деп жазады.
«Бізді олардан жырақтатқан – сан мың жылдан бері жалғасып келе жатқан қалаласу процесі. Қазіргі Шығыс Түркістан аймағында өңіріндегі жергілікті халық ұлы Көк Түрік қағанатын құрған түркі халықтарының бір бөлшегі… Махмұд Қашқаридың еңбегінде бізді Хақани түріктері деп, ал оларды ұйғырлар деп жазады. Орыс тарихшылары да «Жетісу мен жоңғарияның жауынгер ұйғырлары бір-ақ түнде жер жұтқандай ғайып болды» деп жазады. Олар жайлы тарихшылар «толыққанды ислам дініне көшіп бола алмағандығы үшін қазіргі тибет немесе шығыс солтүстік азия елдеріндегі буддистерге сіңіп кеткен болуы мүмкін» дейді. Бұл жорамал ғана. Меніңше, жауынгер ұйғыр халқын Тибет, Тайланд, Бирма немесе Үндістаннан іздеудің қажеті жоқ. Оларды Алтай таулары, Жетісу даласы, Ыстық көл жағасынан іздеу ақылға сыйымды болар еді.»
Сондай-ақ, хат иесі президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТАН Қытай Халық Республикасында тұрып жатқан ұйғырларға араша түсуін сұрайды.
«Шыңғысхан дәуірінен кейінгі Шағатай мемлекетінің Исламға бет бұруы жергілікті ұйғырлар мен көшпенді ұйғырлардың арасын барынша алшақтатты. Бұл салқындық Әмір Темір тұсына келгенде тіпті де ушығып, сан мың жылдардан бері өздерін ұйғырмыз деп санайтын халықтар жойылып, жиырмадан астам тайпаларға бөлінді. Сол тұста басқалар тарапынан «Қазақ» деп аталатын халық жерден өнгендей-ақ пайда бола қалды. «Қазақ» секілді басқа да тайпалардың мұндай есімдері бізге жау халықтар тарапынан кемсіту мағынасында берілген еді.Тарым және Тұрпан, бүгінгі Жетісу, Шелек өңіріндегі басым көп санды ұйғырлар түр-әлпеті жағынан қазақстарға қатты ұқсайды. Бұл қандастық алтын шынжырдың қайдан басталатындығының бұлжымас дәлелі.
Ұйғыр һәм Қазақ ұлты арғы тегіміз Оғыз, бағзы ұйғырлардың бүгінгі әулетіміз.
Біз қазақтардан, қазақтар бізден айрыла алмайтын халықтармыз. Қазақстан – біздің де отанымыз!
Бірақ, мұнда құрметті президент Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға айтар екі ауыз сөзіміз бар:
Біріншіден, біз ұйғыр халқы да сізді көшбасшымыз, елбасымыз деп білеміз.
Екіншіден, біз бір ұлт ретінде ешқашан да террорист, сепаратист болған емеспіз.
Үшіншіден, біз бәріміз де қытай билігінің құрбандарымыз.
Төртіншіден, біз зұлымдыққа душар болған Алланың құлдарымыз.
Бесіншіден, біз тәуелсіз отанымыз үшін күрескен еркіндік жауынгерлеріміз.
Сіздің тек қана қазақтарға ғана емес, Шығыс Түркістандағы қазақтарға ыстық құшағын аша білген ұйғыр бауырларыңызға да пана болуыңызды үміт етеміз.
Алмания ұйғырыстан мәдениеті орталығы» деп аяқталыпты.
Uyghurnet.org ақпараттық сайтында бұл хат президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жолданды. Жауап күтудеміз деп ескертіліпті.
Дереккөз: zhasalash.kz
Дайындаған: Әділбек Қайса
Пікір қалдыру