Оңтүстік Қазақстан облысында 22 жастағы қызды 4 жігіт зорлап кетті.
Бұл туралы Times.kz хабарлайды. Қазығұрт аудандық сотына ұйымдасып қыз зорлаған жігіттердің үстінен арыз түсті. Аудан орталығындағы жанармай бекеті маңынан өтіп бара жатқан орта білімді, 22 жастағы бойжеткенді көлікпен қыдырып жүрген 4 жігіт көріп қалады. Олар дереу қызды күштеп көлікке мінгізіп, арам ойларын жүзеге асырған. Бүгінде қызды зорлаған жігіттердің жас шамасы 22-23-те екені анықталды. Енді олар сот алдында жауап береді. NUR.KZ
Пікір қалдыру