АҚШ елшісі Назарбаевқа баяндамасын қазақ тілінде жасады

/uploads/thumbnail/20170708171839412_small.jpg

18 наурыз. Qamshy.kz - Бүгін Ақордадағы дипломатиялық кездесулер барысында АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа тағайындалған елшісі Джорж Клор Елбасының алдында қазақ тілінде баяндама жасады. Бұл туралы "Қамшы" порталы хабарлайды.

Ресми баяндамасының әлқиссасын қазақ тілінде жатқа сөйлеуден бастаған  елші мырза артынша арнайы жазылған мәтінін қағазға қарап оқыды. Баяндамасын аяқтаған елші Джорж Клор мырза Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына сенім грамотасын тапсырды. Ал Қазақстанға келгеніне көп болмаған елші мырзаның ресми баяндамасын мемлекеттік тілде жасағанына  Елбасы өз ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, бүгін Ақордада Елбасымен кездескен Кувейт, Пәкістан, Сауд Арабиясы және басқа да елшілер аудармашының көмегіне жүгінсе, Болгарияның Қазақстандағы елшісі өз баяндамасын ресми тілде(орыс тілінде) жасаған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында баяндамаларын жасап, сенім грамоталарын тапсырып болған елші мырзалар журналистерге сұхбат берген. Америкалық дипломат бұл жерде де ерекше көзге түсіп, журналистерге берген сұхбатын таза қазақ тілінде жасаған. АҚШ елшісінен кейін сөз алған Болгариялық елші журналистердің алдында бір-екі ауыз сөзін қазақ тілінде жасауға ниеттенді.

Айта кететіні, АҚШ елшісі Қазақстанға келгеніне көп уақыт болмасада өзінің Қазақстанға деген көзқарасын осылайша білдірді.  Журналистерге ресми мәлімдеме жасаған елші Джорж Клор мырза өзіне қазақтың ұлттық асханасын қатты ұнататынын және қымыз бен шұбаттың дәмі тіл үйіретінін де айтты.

Нұрзат Тоғжан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар