Бүгін триатлоннан өткізілетін турнирге байланысты Б. Момышұлы даңғылы, Сарайшық, Шалқыма, Шарль де Голль көшелері қозғалыс үшін ішінара жабық болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Әкімшілік полиция басқармасы триатлоннан турнир өткізу кезінде қала көшелерінің келесі учаскелерінде қозғалысқа ішінара шектеу енгізілгенін ескертеді:
Момышұлы даңғылы: Тәуелсіздік көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейінгі аралық;
Сарайшық көшесі: Момышұлы даңғылынан М-1 көпіріне дейінгі аралық (қоғамдық көліктен басқасына);
Шалқыма көшесі: Сарайшық көшесінен Әлиев көшесіне дейінгі аралықта жол-жөнекей көліктің қозғалысы толықтай шектелді.
Шарль де Голль көшесі: Тоқпанов көшесінен Шалқыма көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толықтай шектелді.
Турнир қатысушылары жүзу, веложарыс және жүгіру сияқты сайыстарда күш сынасады. Жарыс Триатлон саябағы аумағындағы Есіл өзені маңында өтіп жатыр.
Пікір қалдыру