Қазақстан қалаларындағы вокзалдық алаңдардың дені көлеңкелі бизнестің эпицентрі ретінде қалуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі caravan.kz сайтының дерегін негізге ала отырып. Бықсыған арзан дүниелер, тәуліктік жалдамалы пәтерлер, заңсыз тасымалмен айналысатын бағдарлар, «жәрдемшілер», кез келген қалаға поезға билет тауып, оны үстеме бағамен ұсынатын алып-сатарлар сынды астыртын әрекет ететіндерден аяқ алып жүре алмайтын жағдай барлық вокзалдарға тән құбылысқа айналғалы қашан. Дәл осы алып-сатар «жәрдемшілердің» кесірінен бос вагондар бола тұра пойызға билет тапшылығы туындауда.
Өзін Данияр деп таныстырған 30 жасар азамат осы маңда күнелткен жұмыссыздардың бірі болған. Қазір оның жеке кәсібі дөңгелеп тұр. Дәлірек айтқанда, сапарға шығып, бірақ діттеген орнына жету үшін кассадан билет таппай сеңделгендерді тауып, оларға үстеме бағамен темір жол пойыздарының билетін сатады.Мұндай «жәрдемшілердің» жұмыс жасау жолы былай құрылған: Алдын ала пойыздың бірнеше билеттерін сатып алып, әдейі қолдан билет тапшылығын туындатады. Соңғы сәтте билет іздеп саңдалғандарға барып, көтермеленген бағамен билет барын айтып, ұсыныс жасайды. Келіскендерді жеке кассаға ертіп барып, өз атындағы жол жүру құжатын өткізіп, босаған билетті сатып алушыға рәсімдейді.
- Мен билетті кері қайтарған сәтте жүйе билетті қайтара тіркеп, ортақ сатуға қайта шығарады. Сол кезде бірден кері сатып алушыны рәсімдеп үлгеруіміз қажет, бірақ бұл сондай қиын шаруа емес,- дейді кәсібінің «қыр-сырымен» бөліскен Данияр.
«Жолаушылар тасымалы» кассасында алғаннан гөрі, осылай алып-сатардың қолынан алынған билеттің құны бірден бір жарым есеге өсіп, жолаушыға қымбатқа түседі. «Жәрдемшілер» жеке кассамен келісіп, орындарды алдын ала сатып алушылықтың кесірі көпшіліктің қалтасын осылай қағуда. Ал, алып-сатарлықпен түскен пайданы өзара бөлісіп, күнделікті пайда табуда. Бір қарағанға заңсыздық жоқ сияқты көрінгенмен, бұл көлеңкелі бизнес екендігі айдан анық.
Тәуекел, қауіп әрине бар. Егер де жолаушы сатып алған билетімен орын таба алмаса, билетті қайтаруға тура келеді. Ол үшін комиссиялық алыс алынады. Бұл тиімді бизнестен бас тартатындай,
өте көп шығын емес. Соңғы сәтте адамдар бос орындарды сатып алғанымен пойызға үлгере алмай қалып, соңында пойыз жартылай бос кетеді. Бұған «жәрдемші» басын ауыртпайды. Осыған сәйкес, билет жетіспеушілігіне байланысты жолаушылар осы саланы тәртіпке келтіруді талап етеді.
- Қазір демалыс маусымы. Каникул. Ал. Билет сатып алу мүмкін емес. Тамызда оқушылар мен студенттер оқу орынан қайтады. Олар да делдалдардан үш есеге қымбатқа билет сатып алуы керек пе? Соған қарамастан вагондарда бос орындар жиі кездеседі. Мұны қалай түсінуге болады?,-дейді ҚР Президенті жанындағы адам құқы жөніндегі комиссияның мүшесі, заңгер Марат Бәшімов.- Жұртшылық арасында кезекті наразылық туады. Бізге әлеуметті жарылыс керек пе? Жоқ! Яғни, барыша қатаң тәртіп орнату керек.
Бәшімовтың айтуынша, вокзалдардағы «жәрдемшілер» алақан жаюшы сұрамсақтар, жезөкшелер және басқа да тіркелмеген бизнес өкілдерімен қатар жұмыс жасайды. Ең сорақысы, осындай түрлі тәртіпсіздіктер құқық қорғау орындарының мұрындарының астында болып жатыр.
- Көп жылдан бері көлеңкелі бизнеске қарсы күресте нөлдік төзімділік туралы айтып келеміз. Ал, өмірде бәрі басқаша болып жатыр. Бізге бұдан көп жыл бұрын вокзалдардағы жағдайды бақылауда ұстап отырмыз деп келеді. Ал, іс жүзінде бақылаусыз кеткен. Мұнымен қалай күресу керек? Олар «кәсіпкерлердің» қандай «схемамен» жұмыс істеп отырғандығын, олардың түр-түсін біледі! Кімнің немен айналысып отырғандығын жақсы біледі. Оған неге назар аудармайды? Күні бойы сонда жүреді. Вокзал аумағы түрлі бейнекамералармен бақыланады.
Заңгердің ойынша, құқық қорғаушылар осы бизнесті бақылауда ұстамаса, онда олар осыларға «басшылық» («крыша») жасап отырған жоқ па, деген тұрғындардың орынды наразылығы туады. Заңгердің ойынша, вокзал маңындағы тәртіпті қалпына келтіруді желілік полиция, көлік прокуратурасынан қатаң талап ету керек. Себебі, олар осы жағдайды бақылауға құзырлы. Олар өз қызметі үшін жауап беруі тиіс.
Салық инспекциясы қазіргі таңда өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілермен жұмыс жасаған кезде, вокзал маңындағы «кәсіпкерлерге» назар аударуы тиіс. Егер де, барлық мүдделі мемлекеттік
қызметкерлер «жәрдемшілердің» заңсыз әрекетіне көздерін ашып қарайтын болса, заңсыз сауда тиылады. Теміржол билетінің жетіспеушілігі мәселесі шешіледі деп есептейді Марат Бәшімов.
Бұған өз кезегінде жазаны қатайту да көмектеседі. Қазіргі кезде ҚР Әкімшілік кодексінде билет сатып алуға «жәрдемшілер» туралы бап жоқ. Оны бейтаныс адамға тиісу айыппыұлы 5 ЕТК яғни шамамен 12 мың теңге көлемінде айып салынуы керек. Жыл бойы жасалған рецидивтік әрекеті үшін 10 ЕТК көлемінде әкімшілік шара қолданылып, бес тәулікке дейін абақтыға жабылуы керек болса, мұндай айыптар алыпсатарларды қорқыта алмайды.
- Мұндай алыпсатарлардың салдарынан келіп жатқан жағымсыз нәтижелерді сараптай келіп, салада оған жазаны күшейту керек. Егер адам екі рет айыппұл төлегенімен заңсыз әрекетін жалғастырса, оған қарсы қылмыстық жаза қолданылуы тиіс,-дейді заңгер.
Ал, қазіргі кезде вокзал маңдарында погонды тұлғаларды қадағалауымен тіркелмеген бизнес түрі жалғасып жатыр. Қазақстандық нөлдік төзімділік осындай болып отыр.
Пікір қалдыру