Каспий теңізінде төрт Ресей азаматы азаматы ұсталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Теңіз шекарашылары Каспий теңізінің маңынан қос «Ямаха» моторлы «Байда» типтес жылдам жүзетін шағын жүзу құралын кезіктірді. Сол кезде ғана шекара бұзушылар зәкір тастап, қолдарын көтерді», - делінген ҚР ҰҚҚ Шекара қызметінің хабарламасында.
Қайықта болған төрт азамат та Ресей азаматы екені белгілі болды. Олар өздерімен бірге 200 литр су, қосымша баллонымен газ плита және қосылқы бөлшектер мен азық-түлік алып шыққан.
Пікір қалдыру