Бүгін Астананың 20-жылдығын тойлау аясында «Астана: бейбітшілік пен келісім орталығы» Халықаралық Конференциясының ашулуы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры.
⠀
Конференция 2-3 шілде күндері екі күн қатарынан өтеді. Оның жұмысына 200-ге жуық халықаралық және ұлттық эксперттер, мемлекеттік органдардың, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының, ЮНЕСКО және басқа да халықаралықұйымдардың өкілдері ат салысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияның басты мақсаты – мамандар мен азаматтық қоғам өкілдерінің арасында екі тарапқа да пайдалы ақпарат алмасу және аталмыш тақырыптарға қатысты ең үздік тәжірибелермен танысуға арналған диалог алаңын жасау болған.
⠀
«Біз бұл Конференция қарапайым халық, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар мен ЮНЕСКО Клубтары арасындағыхалықаралық келісім мен мәдениет аралық диалогты орнататын көпірге және оны өрбітетін орынға айналады деп үміттенеміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қызметі мен мақсаты қоғамдық маңызы бар әлеуметтік, ғылым, IT мен өнерге бағытталған жобаларды, және де саясат, экономика, халықаралық қатынастарға байланысты диалог платформаларын дамытуға деген бағытын ескерсек, ЮНЕСКО секілді үлкен халықаралық ұйыммен бірігіп жұмыс жасау біздің мақсаттарымызды іске асырудағы үлкен қадам. Аталмыш іс-шараның өтуі ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттерді мәдениеттерді жақындастыру мен өз елдеріндегі бейбітшілікті орнатуға жұмсалатын күштерді біріктіруге шақырудың бір белгісі болады» - деді конференция ұйымдастырушысы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының халықаралық бөлімінің басшысы – Әлкей Марғұланұлы.
⠀
Конференцияның негізгі міндеттері – мәдениетаралық диалогты қолдаудағы ең үздік тәжірибелерді анықтау, тұрақты даму және биік өкілдері, жастар және халықаралық ұйымдардың эксперттері арасындағы түсінушілікті дамытуға арналған платформа жасау және Астана қаласының дамуы үлгісінде халықаралық қатысушыларға Рухани Жаңғыру бағдарламасын таныстыру.
Конференция жұмысының нәтижесінде ұсыныстар жасалып, Қазақстанның халықаралық сахнадағы бейбітшілік пен келісім орталығы ретіндегі рөлін растау, Тұрақты Даму мақсаттарына жету үшін ЮНЕСКО Клубтарының даму бағыттарын анықтау, сонымен қатар Қазақстан мен Азия-Тынық мұхиты аймағы жастарының көшбасшылық қасиеттерін дамыту күтіледі.
Сонымен қатар Конференция қатысушыларына және елорда қонақтарына арналып қазақ халқының мәдениеті мен Астананың көрікті жерлерімен танысуға арналған толыққанды мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Конференцияның екінші күні – 3 шілде күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен бірге ұйымдастырылған ЮНЕСКО қарамағындағы «The Planet of ART» халықаралық Фестивалінің салтанатты жабылу кеші өтеді.
Аталмыш алаңды ұйымдастыру бастамасын ҚР Сыртқы істер Министрлігі, ҚР мәдениет және спорт Министрлігі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясы, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты және халықаралық ұйымдар және бизнес қоғам қатарынан басқа да серіктестер қолдады.
Пікір қалдыру