4 жастағы Мұхаммедтің туыстары: тергеу қорытындысына сенбейміз (видео)

/uploads/thumbnail/20180802113437001_small.jpg

«Ақкент» тұрғын үй кешені жанында ағаштың түбінен ауыр хәлде табылған 4 жастағы Мұхаммед Аскароғлы есімді баланы өз әкесі басынан таспен ұрып, ағаштың түбіне тастап кеткені туралы ақпаратты естіген Мұрат Асқароғлының туыстары мен көршілері наразылық білдірді. Олар тергеу жұмыстарының қорытындысына сенбейтінін жеткізді, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек наразылық акциясы өткен жерге ІІД барып, мән-жайды түсіндіргеннен кейін барлығы бейбіт түрде тарқасқанын айтады. Ешқандай тәртіп бұзушылық болмаған.

Алматы қалалық ІД-нің мәліметіне сәйкес, 4 жастағы Мұхаммед жатқан төсеніш бала табылған аймақта тұратын әйелге тиесілі. Адамдар Мұхаммедті көргенде әйел үйінен төсенішті алып келген.

Естеріңізге сала кетейік, көлік қағып кетті деген баланы әкесі таспен ұрып жарақаттағаны анықталған. Мұхаммедтің әкесі кінәні мойындады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар