Қазақстанда Е-виза қандай мақсатпен берілмек

/uploads/thumbnail/20180803152524425_small.jpg

Елімізде «Электрондық виза» жол картасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте шетел азаматтарына е-визаның қандай мақсатта берілетіні белгілі болды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан мүдделі мемлекеттік органдарымен «Электрондық виза» жол картасын жүзеге асыру бағытында бірқатар істер атқарылуда. Аталған жүйені енгізу аясында өтініштің электронды нұсқасын жасау және бір реттік электрондық виза алу (іскерлік, туристік немесе емделуге) қарастырылып жатыр.

Ал, е-визаның пилоттық жобасы 2018 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. «Пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін шақыру, виза беру, елде болу және елден шығу тәртібін бақылайтын алгоритм әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді СІМ-нің өкілдері.

Егер де шетелдіктер Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен жағдайда олар электрондық визаны Астана және Алматы қалаларының әуежайлары арқылы рәсімдей алады.

Бұған дейін, ҚР Сыртқы істер министрлігі жобаны жүзеге асыру үшін электронды виза беру жүйесінің қадамдық алгоритмі мен елдер тізімі әзірленіп жатқандығын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, «Электронды виза» жол картасы 2018 жылдың 16 ақпанында бекітілген еді. Е-виза тікелей қарым-қатынассыз, кез келген мемлекетте қазақстандық визаны алу мүмкіндігін береді. Ол «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттің бағдарламасының аясында енгізілген болатын. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2017 жылы қос азаматтығы бар 600-ге жуық қазақстандық анықталып, жауапкершілікке тартылған екен.

Бұған қоса, соңғы үш жылда елімізде 330 мың шетел азаматының үстінен іс қозғалған. Ал, электрондық визаның енгізілуі көптеген келеңсіздіктерді шешеді деп күтілуде. Қазақстанға келгісі келетін шетелдік қонақтарға е-визаны алу үшін консулдық бөлімдерге бару міндет емес. Бұдан былай олар электрондық визаны Астана және Алматы қалаларының әуежайлары арқылы рәсімдей алады немесе ҚР-ның миграциялық қызметнің ақпараттық порталына кіріп, анкета толтырулары қажет. Яғни, елге келудегі негізгі мақсаты, қаржылық ахуалы, қанша уақытқа келгендігі туралы ақпараттар. Бұл бойынша кез келген шетел азаматы жеке мәліметтерін, елге келу мақсаты мен болу мерзімін, қаржылық мүмкіндіктерін онлайн көру мүмкіндігіне ие болды. Қазіргі таңда қазақстандықтар 61 мемлекетке визасыз режимде кіре алады (30 күн ішінде).

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар