Ресейдің Краснодар аймағында Ми-8 тікұшағы құлаған. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Тікұшақта барлығы 18 адам болған, оның үшеуі экипаж мүшелері. Барлығы да көз жұмды», - делінген хабарламада. Белгілі болғандай, тікұшақта «Анкор» компаниясының қызметкерлері болған.
Ми-8 тікұшағы ұшып кеткеннен кейін екі километр ұшқан соң құлаған. Ол қиратылып, өртеніп кеткен. Сонымен қатар, тікұшақ адамдар жүрмейтін жерге барып құлаған екен.
Апаттың салдары, алдын-ала тексеру нәтижелері бойынша, техникалық қателік немесе пилоттың қателігінен болуы мүмкін.
Жергілікті ТЖД қызметкерлерінің мәлімдеуінше, апат Игарка аймағынан екі километр жерде сағат жергілікті уақытпен 10:20 шамасында орын алған.
Пікір қалдыру