"Головкин ақша үшін рингке шығады"

/uploads/thumbnail/20180501111135051_small.jpg

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) LA Times басылымына берген сұхбатында ұсталып қалған допинг сынағы және Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) текетіресі жайлы әңгімеледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 2017 жылдың қыркүйегінде боксшылар алғашқы жекпе-жегін T-Mobile аренасында өткізіп, сол кездесуде жеңімпаз анықталмаған еді. 12 раунд қорытындысында есеп тең болып, арты дауға ұласқан еді.

Бір жылдан кейін боксшылар осы рингте тағы да кездесуді жоспарлап отыр. Бастапқыда екінші кездесу 5 мамырда өтеді делінген, алайда "Канело" допинг сынағынан өте алмай, шеттетілген еді. Осыдан кейін тараптар қыркүйекте кездесуге келісті. 

"Бұған тіпті де уайымдамаймын, - дейді Альварес ұсталған допинг сынағы жайлы. - Мен әрдайым алға жүріп, өзімнің кім екенімді және не істегенімді анық білемін. Әрдайым сабырлы болдым. Уақыт өте келе қандай сынақ жайлы айтылғаны анықталады. Меніңше, бұған бола ойланып, қымсынатын жағдай емес. Комиссия менің қасақана жасамағанымды біледі, бірақ әрдайым ережені сақтау қажет".

Альварес өзін алаяқ деп айыптаған Головкин мен оның бапкері Абель Санчестің мәлімдемелері жүйкесіне әбден тигенін мойындады. Бірақ бәрінен де қатты мазалатқаны - GGG-дің табысты тең бөлу туралы талабы екен, себебі ол допинг сынағы қарсаңында 35 пайызға да келісіп тұрған. Ақыры қазақстандық 40 пайыздан аса табыс алатын болды. 

"Головкин ақша үшін емес, жекпе-жек үшін жұдырықтасатынын мәлімдеуге шебер. Бірақ ол "Ақша үшін жұдырықтаспаймын" деп алып, сол үшін ғана рингке шығатын боксшы", - деді "Канело". Мұнымен қатар, мексикалық екінші кездесуді уақытынан бұрын аяқтауға бел буып отырғанын атап өтті.

Айтуынша, бірінші кездесуде ол Головкиннің денесі мен басынан соққы жасаумен болған.  "Қалыңдатылған қолғаптан болып отыр", - деді "Канело". Басылымның мәліметінше, "Канело" жаттығу кезінде қолын жарақаттап алғандықтан осындай қолғап киген. Ал реваншта ол қалыңдатылмаған қолғаппен жұдырықтаспақ. "Нокаутқа түсірудің амалын бірінші раундтан бастап жасауға ниеттемін", - деді Альварес.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар