Алматыда Жүргенов атындағы өнер академиясы өртеніп жатыр

/uploads/thumbnail/20170708171932129_small.jpg

Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шатыры өртке оранды. Бұл туралы NUR.KZ әлеуметтік желілердегі куәгерлердің ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда Жүргенов атындағы өнер академиясы өртеніп жатыр Фото: ВКонтакте

Өрт 13.30-да басталған, осы уақытта қызыл жалынның шарпыған аумағы 1000 шаршы метрден асып кетті.

Бұл туралы ақпар оқиғаға куә болған желі пайдаланушыларынан жетіп отыр.

Оқу орнының үстін өрттен түтін басқан. Бұл күні оқу орнында Наурызға қатысты мерекелік шаралар өткізілгендіктен сабақ болмапты. Өртті оқу орнында аталған шаралар аяқталғаннан кейін байқаған.  Студенттер түгелдей далаға шығарылды. Өрт академияның киім ауыстыратын бөлмесінен шығуы мүмкін.

Бұл ақпаратты қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Нұрбек Қожахметов те растады.

Оқу орны  Панфилов-Бөгенбай батыр көлшелерінің қиылысында орналасқан.

Алматыда Жүргенов атындағы өнер академиясы өртеніп жатыр

Фото Кәрім Қадырбаевтың Facebook-тегі парақшасынан алынды.

Қатысты Мақалалар