ҰҚҚ: Сириядан келген террористерді құрықтады

/uploads/thumbnail/20170708171943931_small.jpg

20 наурыз. Qamshy.kz -Қазақстан Республикасы қауіпсіздік қызметі Қазақстан аумағында террорлық әрекет жасамақшы болған Сирия азаматын құрықтады. Бұл туралы "Қамшы" порталы хабарлайды.

"Қазақстанда және Орта Азияда террористік әрекет жасамақшы болған Сирия Республикасының азаматтарын құрықтауға Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларының қауіпсіздік қызметі жұмылдырылған",- деді ҚР ҰҚҚ төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.

"Үстіміздегі жылдың қаңтар айында құрықталған Сириялық террористер Қазақстан аумағында жарылыстар мен Құқық қорғау органдарынна шабуылдар ұйымдастырмақ болған",- деді Білісбеков "Халықаралық тероризммен күрес проблемалары" атты конференция барысында.

Сондай-ақ, Білісбековтың мәліметінше Шымкент қаласында да осындай күдікпен Қырғызстан азаматы тұтқындалған.

Ал Қызғызстан Республикасының қауіпсіздік қызметі Қырғыз территориясында экстримистік әрекеттер жасамақшы болған қазақстандық азаматты ҰҚҚ-ға тапсырған. ҰҚҚ төрағасы орынбасарының айтуынша тұтқындалған азамат Сирияда арнайы дайындық шараларына өтіп, Қазақстан мен Қырғызстанда террорлық жарылыстар жасауға дайындалып жатқан.

Сондай-ақ, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларының қауіпсіздік қызметкерлері сирия мен Түркиядан келген диверсионалды-террористтік ұйым мүшелерін залалсыздандырған

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар