Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Маловодное(бұрынғы атауы) ауылының аты Бәйдібек би болып өзгерді, - деп хабарлайды "
Қамшы.kz" порталы. Бәйдібек би ауылы Алматы қаласынан шығысқа қарай 70 шақырым жерде орналасқан. Ұлыстың ұлы күнінде халыққа жария болған бұл жаңалыққа қалың қауым дән ризашылығын білдірді. Бәйдібек би арқылы республикалық дәрежедегі Алматы — Нарынқол және Алматы — Жаркент — Қорғас автомобиль жолы өтеді.

Ауылда 2009 жылғы санақ бойынша 10 мың адам тұрады. Олардың басым көпшілігі қазақ, ұйғұр, орыс, чечен, түрік сынды ұлттар.

Ерлан Төлеубай