Әлемдегі ең алғашқы сайтты кім ойлап тапқан?

/uploads/thumbnail/20170708172009884_small.png

Әлемдегі ең алғашқы сайтты (

info.cern.ch

) 1990 жылы физик Тим Бернерс-Ли жасап шығарған. Оның құрылымы өте қарапайым болды. Ол кезде компьютерлік графика болмағандықтан, сайтта тек мәтін ғана тұрған. NeXTcube базасындағы WorldWideWeb гипертекстік браузерін де Бернерс-Ли ойлап тапқан екен. Сайтта ең алғашында браузерлер мен серверлерді қалай орнату керектігі жайлы ақпарат жарияланып отырған. Кейін Бернерс-Ли басқа сайттарға да гиперсілтемелер жасауды бастады. 1991 жылы веб-сервер Еуропаның басқа да аймақтарына тарала бастайды. 1993 жылдың қазан айында веб-серверлер саны әлем бойынша 200-ге жетеді. Еуропа ядролық зерттеу  ұйымы 1991 жылдың соңында Женевада  Тим Бернерс-Лидің құрметіне WWW стандартын енгізеді. Айта кетейік, Бернерс-Ли жасап шыққан ең алғашқы сайт (

info.cern.ch

) әлі күнге дейін жұмыс істейді. Қазір Тим Бернерс-Ли интернет стандарттарын әзірлеп, дамытатын World Wide Web Consortium компаниясын басқарады.

massaget.kz

Қатысты Мақалалар