Ахмет Давутоглу: Күрд-түрік жанжалы 35 жылда 40 мың адамның өмірін жалмады

/uploads/thumbnail/20170708172010910_small.jpg

22 наурыз. Qamshy.kz - Түркия Премьер-министрі Ахмет Давутоглу Наурыз мерекесі қарсаңында "түріктер мен күрдтерді"  татулыққа шақырды. Бұл туралы "Қамшы" порталы хабарлайды.

Ұлыстың ұлы күні Қазақстаннан өзге Иран, Ауғаныстан, Қырғызстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Үндістан мен Түркия, Ирак, Аблания мен Македония  және Ресейдің біраз бөлігіндегі түркі халықтарына ортақ мереке.

Осыған орай Түркияның Премьер-министрі Ахмет Давутоглу бауырлас түріктер мен күрдттерді татуласуға шақырды. " Түріктер мен күрдттер ықылым заманнан бері діні мен ділі, тамыры мен тарихы ортақ, бауырлас халық. Арадағы  келеңсіздіктерге қарамастан алдағы уақытта иық тірестіріп, жұмылған жұдырықтай болып әрекет етуіміз керек. Келіңдер бауырлар, арадағы өшпенділікті ұмытайық. Қаруды тастап, біздің болашағымыз үшін татуласайық",-деді Ахмет Давутоглу.

Ал Түркия түрмесінде өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген Түркиядағы Күрд партиясының жетекшісі Абдулла Оджалан болса, елдегі барлық күрд  буырларын Наурыз мерекесі қарсаңында татулыққа шақырған Ахмет Давутоглуның сөзін қостады. Ол елдегі күрд проблемаларын қарусыз, бейбіт жолмен шешуге шақырды.

2012 жылдың қазанынан бері қарай Түркия Республикасы 35 жылға созылған, 40 мыңнан астам адамның өмірін жалмаған  түрік-күрд жанжалын бейбіт жолмен реттеу үшін Оджаланмен келіссөздер жүргізіп келеді. Тіпті, осы мақсатта арнайы "жол картасы" да әзірленген. Аталмыш картада жанжалды шешудің жолдры көрсетілген және қос тарапқа да міндеттелген жобалар болған. Қазіргі таңда аталмыш міндеттердің 50 пайызы орындалған. Алайда екі жақтың өкілдері де аталмыш келісімді орындамай отырғандарын айтады.

 Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар