Түркия Қырым татарларының мәселесін екі жақты халықаралық ұйымдар төңірегінде көтереді. Бұл туралы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Киевке келген сапарында мәлімдеді. "Біз Укранинадағы жағдайды жіті бақылауымызда ұстаудамыз. "Қырым аннекциясынан" кейінгі Қырым татарларының ахуалы бізді алаңдатады. Сондай-ақ, Қырымның Ресей Федерациясы құрамына қосылуынан соң, ондағы Қырым татарларының қиын қыспаққа алынғандығы, Қырым татарларына деген қысымның көбеюі бізді бей-жай қалдырмайды. Біз бұл мәселелерді екі жақты және халықаралық платформада көтеретін боламыз",-деді Түркия Президенті Р. Ердоған Укранина Президенті П. Порошенкомен болған кездесуде. Сондай-ақ, Ердоған Қырым татарларының көсемі Мұстафа Джемилге және мәжіліс басшысы Рефат Чубаровқа жасаған жақсылығы үшін Украина Президенті П. Порошенкоға алғыс білдіре отырып, Түркия Украинаның территориялық тұтастығын қолдайтынын айтты.
Нұрзат Тоғжан "Қамшы сілтейді"