Румыния Еуроодақ елдерін табиғи газбен қамтамасыз етпек

/uploads/thumbnail/20170708172012140_small.jpg

Румыния сәуірден бастап Ресейлік газдан бас тартады,-деп хабарлайды "Қамшы" порталы румыниялық " Есоnomica " басылымына сілтеме жасай отырып. Румынияның Ресейдін импортталатын табиғи газдан бас таруына өнеркәсіп орындарында сұраныстың айтарлықтай төмендеуі себеп болған. Румыния  он жылдың ішінде бірінші рет Ресейлік табиғи газдан  өз еркімен бас тартып отыр. 2015 жылдың сәуірінен бастап Румынияның бірнеше ірі өнеркәсіп және кен орындары  ішкі ресурстар есебінен қамтамасыз етілмек Қазір Румынияның табиғи газға деген жылдық қажеттілігі 11 миллиард кубметрді құрайды. Оның 400 миллионы Ресейден импортталады. Ал 2007 жылы Румынияның жалпы табғиғи газды тұтыну мөлшері 18 млрд.кубметрді құраса, оның үштен бірі, яғни, 4,5 млрд. кубметрі Ресейден тасымалданған. 2007 жылдан бері қарай Румынияның Ресейден жеткізілетін табиғи газға деген сұранысы тұрақты түрде 500 миллионды көрсеткен. Румыниялық БАҚ-ты жазғандай, Румынияға Ресейден жеткізілетін табиғи газдың 1 мың кубметрі 380 долларды құраса, Румынияның өзінде өндірілетін газдың бағасы 200 доллар тұрады екен. Осыған орай Румыния көршілес және Еуроодақ елдерін 2018 жылға қарай табиғи газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр,-делінген " Есоnomica " басылымында.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар