Қазақтың арғы атасы - горилла ма?

/uploads/thumbnail/20170708172017037_small.jpg
"Қамшы" - еркін ақпарат алаңы. Хат қоржынымызға келіп түскен мына жазбаны жариялауды жөн көрдік. Сіз не дейсіз?

QAMSHY.KZ  

"Аса Құрметті, Қазақ Атамның ұлы қаруы ҚАМШЫ! Бұл «әңгімелесу» ойдан шығарылған дүние емес. Шын сөзім. Сенбесеңдер, 5 сыныптың тарих кітабын алдырып оқыңыздар және тілшілеріңізді үйлерінде 5 сыныпта оқитын балалары бар адамдарға жіберіп сұратып көріңіздер". 

Жақында менде мынадай бір жағдай болды. Өз көлігіммен келе жатсам, жолда автобустың қасында жас балалар тұр екен. Ішінен бір жас әйел қол көтерді. "Аға көлігіміз бұзылып қалды, мыналар менің оқушыларым" деп, көлігіме сыйғанынша қалаға ала кетуімді өтінді. Сыйғанынша мінгізіп алдым. Балалармен жөн сұрастым. Сондағы әңгімемізді сол күйінде берейін: - Қай сыныпта оқисыңдар? - 5-сыныпта. - Бүгінгі өткен сабақтарыңның ішінен ең ұнағаны қайсысы? - Тарих. - Неге? - Біз бүгін одан Дарвин деген атамыздың бар екенін, Адамдардың қайдан шыққанын және Атамыздың кім екенін білдік. - Бәрің бірдей шуламай, іштеріңнен тарих пәнін жақсы оқитын біреуің жауап беріңдер? Адамдар қайдан шығыпты? - Аға біз маймылдан туыппыз. - Апайларың оны қалай дәлелдеді? - Олар адамдар сияқты екі аяқпен жүреді және адамның маймылдан шыққанының басты дәлелі олар банан жеген де, адамдар сияқты қабығын аршып жейді. Және оның дәлелдері суреттерімен бірге тарих кітап та жазулы тұр. - Басқа не айтты? - Кейбіреулер Адамдар Адам атадан тараған, ал адамдарды Құдай жаратты деп те айтады. Бірақ, бұл дұрыс емес. Балалар, сендер ондай әңгіме естіп жатсаңдар, ондай өтірікке сеніп қалып жүрмеңдер деді. - Басқа не айтты? - Адамдардың мінездерінің, кескін-келбеттерінің және бойлары мен денелерінің әртүрлі болатын себебі, сендер де әртүрлі маймылдан жаратылғансыңдар. Мысалы, маған сенің арғы атаң «горилла» деді (мен өзгелерден бойшаң және ірімін), мынаған (қасындағы қыздарды көрсетіп) біреуіне шимпанзе, біреуіне орангутанг, араларыңда мартышкадан да жаратылғандар бар деді. Қасында отырған бір қыз бала сөзге араласып, "Ағай! Ағай! Сіз қайсысынан жаралдыңыз, яғни сіздің Атаңыз кім?" деді? Аузыма сөз түспей, абдырап қалып, "Айналайындар! Мен маймылдан жаратылғаным жоқ, мен Адам Ата мен Хауа Анадан тараймын, ал оларды Құдай жаратты" дедім. Қасындағы тағы бірі «Аға сіздің арғы атаңыз Горилла ғой» деді (ұзын бойлы, ірі денелімін). - Үп-үлкен болып, неге өтірік айтасыз? Бізбен бірге оқығаныңызда үнемі екі алатын оқушы сіз болар едіңіз. Дұрыс екен дедім іштей күйініп, мен қазір қазақтың Ата салтын ұлықтағаным үшін тек қана «екі» алып жүрмін. Әңгімеміз осы жерге келген де, қалаға да келдік, олар рахметтерін айтып, жөндеріне кетті.

Мәмбеткәрім Қожырбайұлы

Қатысты Мақалалар