Ғаламтордағы хабарландыру сайттарының бірінде Елбасының автографы сатылымға шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Автордың хабарламасы бойынша президент 21 жыл бұрын өзінің дүкеніне келген екен. ҚР-ның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жазбаша тілегі мен қолтаңбасын ғаламордағы хабарландыру сайты арқылы сатылымға шықты.
Сатушы мәтін мен Елбасының қолтаңбасын 350 мың теңгеге бағалаған.
Қолтаңбаны сатқысы келген азамат 1997 жылы Алматы қаласындағы азық-түлік дүкенінде жұмыс істеген. Сол кезде Елбасы дүкенге кіріп, жазбаша тілек жазып, астына өз қолтаңбасын қалдырыпты.
«Іс-сапарлардың бірінде Елбасы біздің дүкенге кіріп, альбомға арнайы тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырған болатын. Шығар алдында сұқбат беріп, кетіп қалды. Негізінен мен қолтаңбаны адамдардың қызығушылығын байқау үшін сатылымға шығардым. Бұл жайт ұзақ уақыт бойы көпшіліктің есінде қалатын шығар. Бір жағынан алып қарағанда, көптеген танымал адамдардың қолтаңбасынан коллекция жасайтындар да бар ғой», дейді сатушы. Оның айтуы бойынша, Елбасының келуі алдын ала жоспарланған.