Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды

/uploads/thumbnail/20180820133432232_small.jpg

Өскемен қаласының әкімі болып Алматы облысы және ШҚО әкімдерінің орынбасары қызметін атқарған Жақсылық Омар сайланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемен тұрғындарына жаңа әкімді таныстырды. Бұл қызметке Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Жақсылық Омар тағайындалды. Жаңа әкім 2009-2016 жылдар аралығында облыстық әкімдікте түрлі қызметтерді атқарған. 2013-2016 жылдары ШҚО әкімінің орынбасары болған.

Өскемен әкімі қызметіне тағайындалмас бұрын Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

«Құрмет» ордені және басқа да мемлекеттік сыйлықтардың иегері.

Қатысты Мақалалар