Атырауда Имамға бағынбаған жігітке 100 мың теңге айыппұл салынды

/uploads/thumbnail/20170708172055638_small.jpg

Атарау облысында мешіт имамына бағынбаған азаматқа айып тағылды. Бұл туралы "Қамшы" порталы хабарлайды. Атырау қалалық мамндандырылған әкімшілік соты мешіт қызметкеріне бағынбай, құлшылық уақытында өзге келушілердің назарын аударып, мешіт имамына ауыр сөздер айтқан Атыраулық тұрғынға 50 МРП көлемінде, яғни, 99 100 теңге айыппұл салынған. Оқиға 2 қаңтар күні Атырау қаласындағы орталық мешітте орын алған. Кешкі құлшылық намазында ол мешіт имамына қарсы шыққан. Тіпті, оқиға соңы үлкен келіcпеушілкпен аяқталған. Осыған қатысты Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты ӘКК-нің 2 бабы, 460 тармағы бойынша жеке басқа және діни көзқарасына қатысты тіл тигізу, дін істері жөніндегі заң мен әкімшілік құқық бұзушілік фактілері бойынша іс қозғаған.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар