Ерболат Қошқарбаев.
Қазақ тарихындағы сенсациялар топтамасы.
Ерболат Қошқарбаев. Бірінші жазба: Ежелгі Шығыс пен Батыстағы ҚАЗАҚЫ іздер
Ерболат Қошқарбаев.Тарихи шындықты ТҮРКІЦЕНТРИСТІК тұрғыдан негіздеу қажет
Ерболат Қошқарбаев. Гипербөрі және Атыланты
Бисмиллахир рахманир рахим!
Алдыңғы жазбаларымда Ежелгі Дәуірдің барлық тұстарында қазақы іздер бар екенін көрсеткен едім. Ежелгі Шығыс пен Антикалық Грекия, Рим империясы, сонау Шумер өркениеті, тіпті Гипербөрі мен Атыланты да (Гиперборея мен Атлантида) «ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТЕРІ» екенін негіздеп баққан едім. Тырнақша қойғанымды ескерсеңіздер қазақ арқылы тиісінше түркі жұртын айтып тұрғанымды аңғаруларыңызға болады. Ал ендігі кезекте осы аталған архимемлекеттер мен оған қоса Солтүстік жарты шардағы, яғни Америкадағы байырғы тұрғындар – үндістердің «қазақтар» екенін, дәлірек айтсам «түркілер» екенін, ал кеңістік тұрғысынан қарасақ, олардың ешқандай да үндістер емес «теріскей түркілері» екенін аксиоматикалық түрде дәлелдеп көрмекпін. Дәлелдегенде әбден жұлымы шыққан қазіргі ғылымдағы «бәлен ғалым бүйтіп айтыпты», «бәленше деректері бойынша ...» және т.с.с сілтемелік шырмауықтарға ұрынбай, «бәлен-түглендер» деректерін кейінге қоя тұрып протоқазақтар тілінде сөйлеу арқылы дәлелдер келтірмекпін.
Алдымен, Американың қазақ атамекені екенін ғана емес, оған дейін, алдыңғы жазбаларымда келтірілген қазақы іздер сайрап жатқан барлық өркениеттердің «қазақтыкі» екенін басқа бір қырынан негіздеп алайық. Иә! Иә, хатт, хетт, тұрсақ, шумер тілдерінде және Американдық үндістер тілінде сөйлеп көрелік. Сіздер осы тілдегі сөздерді аудармашысыз-ақ түсініп отырғандарыңызға қайран қалуларыңыз бек мүмкін... Егер осылай бола тұра «бұл әншейін кездейсоқтық» десеңіздер онда бұл жайт, бойымыздағы жасындай жарқылды алаш рухының өшкенінің нышаны деп қорытынды жасамасқа шара жоқ. Ал егер бір күдік, бір таңданыспен осынау арғы халықтар тіліне қызығып, бәлкім мына жазғандарыма сенбей қате іздемек болып, немесе сынамақ болып, түпнұсқа материалдарды іздеп кетсеңіз, онда нұр үстіне нұр болғаны. Өйткені ол ізденістеріңіз бастауында жатқан түрткі осы жазба болған болар еді. Бұл орайда теріскей түркілеріне келместен бұрын алдыңғы жазбаларымда көрсетілген құрлықтағы түркілердің тіл ерекшеліктеріне тоқталып кеткеніміз жөн.
Бастапқыда сөз болған ... Ендеше, түркіге апарар түрткі де, осы сөз!
Ал кірістік ...
Этрускілер байырғы қазақтар.
Әр түрлі деректерде этрускілер әр қалай аталып жүр: турлар, тиррендер, пеласттар, турсактар, тұрсақтар, киммериялықтар және т.б. Тұрсақтардан түркі-сақтар атауын өрбітуімізге, ал киммериялықтардан кемерліктер атауын туындатуымызға әбден болады. Қалай болғанда да, қалай аталса да, Қаракемерді, бәлкім Көккемерді мекен етсе де бұл кемерліктердің бізге бөтен емес екеніне еш дау болмаса керек. Эртускілер жайлы Геродот, Тацит, Страбон, Тит Ливий, Плиний олай деді, былай деді деп мәлімет келтірмей-ақ мәселеге бірден төтесінен келейін. Олардың бәрі этрускілердің шығыстан, Тұраннан келгенін мойындайды. Сенека болса: «Tuscos Asia sibi vindicat» - дейді. Бұл «Этрускілер Азиядан шықан болып саналады» деген сөз. Демек гректерге дейін-ақ этрускілер еуропаны жайлаған. Олай болатын болса еуропаны әу баста қазақтар мекендеген. Себебі, этрускілер – қазақтар. Тағы ескерте кетейін қазақтарды тиісінше түркілер деп түсінгендеріңіз ләзім. Бірақ бұлар түркі бола тұра бұл жазбада қазақ деп жазылады. Себебі, бұны татар жазса татар дейді, әзірбайжан жазса әзірбайжан дейді, қырғыз жазса қырғыз дейді. Ал жазып отырған мен түркі болғаныммен башқұрт та, өзбек те емес – қазақпын!).
Этрускілердің түркіге жақын екенін 1924 жылы Францияда табылған «Глозель жазбаларынан» да, К.Миршан, Ж.Кузен, Ф.Дюррбак, Адиля Айда, М.З.Закиев зерттеулерінен де білуге болады. Бұл жайында қазақтың қос Бекжаны да жазып жүр. Тұрсақтар жайын қысқа ғана қайырар болсақ, олардың қазақ екенін Ф.Р. Латыпов және басқа да зерттеушілер келтірген сөздерге назар сала отырып бірден аңғаруға болады.
Сонымен, этрускілер қай тілде сөйлеген екенін білмекке мына кестеге назар аударайық:
| Тұрсақ тілі | Қазақ тілі |
| Ак | Ақ |
| Зер | Жер |
| Тамах | Тамақ |
| Кус | Құс |
| Фол | Жол |
| Хан | Қан |
| Сет | Сүт |
| Ина | Ине |
| Зукис | Балға (Зік еткізу!) |
| Атта | Ата |
| Анна | Ана |
| Ақлан | Ұл (Оғлан!) |
| Килан | Келін |
| Су | Су |
| Ет | Ет |
| Булт | Бұлт |
| Кис | Қыз |
| Буил | Биыл |
| Катн | Қатын , Әйел |
| Енген | Жеңген, Жеңуші |
| Ат | Ат (ату етістігі) |
| Ар | Ер, Еркек |
| Ут | От |
| Кун | Күн |
| Харус | Қарын (ішек-қарын) |
| Адрия | Дария |
| Эдил | Әділ |
| Эдилитет | Әділет |
| Курул | Құрылтай |
Курсивпен берілгендер өзімнің жеке зерттеулерім. Бұл жайында алдыңғы жазбаларымда жазғанмын. Ал Адрия сөзінің «Дария» екені еш күмән туғызбауы керек. Сондықтан Адриатикалық теңіз дегеннің мағынасы, жәй ғана «Дәрия» деген сөз! Осындай көптеген кемерліктердің қазақы сөздері латынданып, кейіннен Рим империясының сөздеріне кірігіп кеткен. Мысалы, «аклан» деген сөз қазіргі уақытта бізде оғлан, ұлан деп түсінілсе, еуропалық кейбір флективті тілдерде сол күйінде, сол мағынада қолданылады. Бұл сөз тіпті орыс тіліне де «клан» түрінде еніп алған. Осы сияқты «кус», яғни құс сөзі де құстың кең таралған түрі қазға қатысты еуропа мен орыс тілдеріне гус, гуус, гусь түрінде еніп кеткен. Осындай тәртіппен «кис» сөзі қызға қатысты айтыла отырып, мысалы ағылшын тілінен «сүюді» білдіретін «kiss» сөзі арқылы орын алуы әбден мүмкін. Қызды кім сүймейді! Тіліміздегі осы көрсетілгендей ұқсастықтар болғанның өзінде бұларды қазаққа қатысы жоқ деп айтамыз ба?!
Этрускілер жайлы тағы не айтсақ болады?!
Міне, осынау Қырым мен Ұрым аралығын мекен еткен, Ата деп еркелеп, Ана деп емірене сөйлеген көк бөрінің ұрпақтары – тұрсақтар еуропада Бөрілер елінің (Ит елі, Италия) негізін қалап, б.д.д. 753 жылы Эртрурияға жақын жерден Рим қаласын салады. Этрускілер Римнен (Ұрым) бөлек Флоренция, Пиза, Сиена, Перуджа, Ливорно, Тарквиний аталып кеткен көптеген кенттер мен қалаларды тұрғызып кеткен.
Бүгінгі кең қолданыстағы латын әліпбиі сол кездегі этрускілер жасаған әліпбидің өзгертілген нұсқасы.
Еуропаға зергерлік өнерді алып келген этрускілер алтын қолданысын кеңейтіп оны медицинаның құрамдас бөлігі деңгейіне дейін жеткізеді. Олар стоматологияны дамыта отырып пациенттерге алтын тіс, тіпті тіс протездері мен қаптамаларын, алтыннан жасалған тіс қапсырмаларын да (мостик) жасай білген.[1]
Шығыс еуропадағылардың шәркейін шешкізген этрускілер, табанды, өкшелі, өкшесіз аяқ киімнен бастап біз тұмсық етіктердің түр-түрлерін көрсете отырып жалаң аяқ еуропалықтарға былғары «етік кигізді».
Этрускілердің білімдерін түркіленген римдіктер де пайдаланды. Этрускілік орам жазбалар латынға аударылып, «Этрускілік ілімдердің» сақталуына Сенаттың өзі шара қолданды.
Еуропаны ойқастаған түркілер тіпті бір бірімен шайқасқа түсіп жатты. Римді сақтап қалуға римдіктермен тонның ішкі бауындай араласып кеткен эрускілік гаруспиктер де атсалысты. Мысалы, олар 410 жылы қорғаныс қажеттілігінен көктен жай түсіріп, найзағай түсіруге мәжбүр болды.[2]
Осы тұрғыда бір бірімен үздіксіз және ұдайы шайқасқа түскеніне қарап сол кезеңнің өзінде-ақ әлемде түркілердің саны қисапсыз көп болғанына болжам жасауға болады. Ұрымды қорғаушылар да түркі, Ұрымға тиген готтардан тұратын Аларихтар да түркілер, ал аларихтарды ығыстырған Атилла бастаған ғұндар да түркілер! Ал әр қилы деректерде кездесетін аримаспылар, халдеи, гиксос, туарегтердің өзі байырғы түркілер! Тіпті, туарег пен түрік айтылуы да, этимологиясы да бір деп ешкімнен жасқанбай әрі сескенбей айта берсек болады.
Екінші жазбамдағы еуропацентризмді, түркіцентризм алмастыру керек деген үндеуімнің мәні де осында жатыр. Олай болмағанда ше ..., анау мынау емес түркілер тұп тура еуропаның центрінен қағанаттар құрған болса. Қазіргі дейін жеткен әрісі хундар құрған Хунгарияны, аварлар құрған Баварияны, берісі албандар құрған Албания мен дулаттар құрған Болгарияны айтпағанның өзінде сол кезеңдегі ғұндар жинаған центтер болсын, қанатын кеңге жайған түрлі қағанаттар болсын, еуропаныңцентрі түркілік центр болғанын айғақтап тұр емес пе! (Е.Қ.)
Бөрікті түркілер мен шошақ бөрікті сақтар анологиясы бойынша этрускілер еуропалықтарға қалпақ (шляпа) кигізді.
Дариядан (Адрия, Адрия порты) әр тарапқа жүзген кемелері арқылы теңіз картасын жасай отырып, этрускілер флоты Жерорта теңізімен ғана шектелмей жүйелі түрде Америка құрлығына да барып келіп отырған деп жорамал жасауымызға әбден болады. (Е.Қ.).
Тұрсақ обаларымен сақ оба қорғандары ұқсас болса, тұрсақтар тұрғын жайы кәдімгі киіз үйлердей болған. Жоғарыда аталған гаруспиктер болжамдары да аса маңызға ие.[3]Асылында малдың ішкі органдарына қарап болжам жасайтын (harus тұрсақша ішек-қарын дегенді білдіреді) және найзағай түсіріп, жасын ойнататын гаруспиктер деп аталатын тылсым күш иелерінің аталуында кестеде көрсетілген қарын сөзінен бөлек қазақтың «ғарыш» сөзі бұғып жатқандай. Әлбетте, жаңбыр шақырғанда тұрсақтар жөн-жоралғыларын жасайтын. Бұл әрекеттерді бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан «тасаттық беру» ғұрпынан да көре аламыз ғой. Зеңгір көкті қастер тұтатын, жаңбыр жауғанын – күн жауды, күн күркіреді дейтін, жаңа туған қияқтай орақ айға «ай көрдім, аман көрдім – ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа» деп сәлем беретін, жаңа жылымыз – науалы нау ырысымыз күн мен түн теңелген тұстан басталатын «біздер» мен тұрсақтар қалайша тамырлас емеспіз! Этрускілердің найзағайға, жануарлардың ішкі органдарына қарап болжам жасауы ежелгі Шумер мен Вавилонда, жалпы түркілердің барлығында болған.[4] Ал тас төбедегі темірқазықты навигатор тұтқан қазақтардағы жұлдызшылардың дөп келетін болжамдары жайында әңгіме қозғау тіпті өзіндік айрықша сипатқа еніп кетеді. Көк тәңірінің перзенттері біздер мен Күнді, Юпитерді (Тина), Ұмай ананы қастер тұтқан этрускілердің тамыры бір. Этрускілер атаған Юнон (Уна), ол тұп тура Ұмай ана (Е.Қ.). Себебі, Юнонның бір эпитеті Ұлсын (Луцина (Е.Қ.)) жас сәбилердің пірі, шарананы қорғаушы. Ал біздегі Ұмай ана (Умай, Нумай, Омай, Ымай-идже,Ымай-ине, Май. Майн, Майна т.б.) болса ұрпақ жалғастыру демеушісі, бөбектер мен олардың аналарының пірі әрі жебеушісі.Уна болса, сөзсіз «Ана» ұғымын білдіріп тұр. Әр бірден кейін Ұмай ана егер осы мәселе толық зерделенсе Хауа ана аналогы болуы да мүмкін. Ал бұл жағдайда тәңіршілдік пен исламның етене байланысы мен сабақтастығы өздігінен айқындалар еді. Сонымен, тоқтамға келе бірден айтар болсақ жаһанға Пифагордай математик сыйлаған этрускілер қазақтар деп сенімді түрде айтуымызға болады!
Баскілер байырғы қазақтар.
Ғылымда, Пиреней түбегінде сөйлеу үлгісі мен тілі ешкімге ұқсамайтын оқшауланған топ ретінде көрсетіліп жүрген баск халқы мен олардың тілін туыстарымыз қатарына жатқызуымызға әбден болады. Бұл ең алдымен, үшінші жазбамда көрсетіліп кеткен мысалға тікелей байланысты, одан соң олардың тілдерінің созылмалы тілдер қатарына жататынымен, кейбір сөздерінің бізбен ұқсастығымен (мысалы, «аси» сөзі, «өсу» етістігін білдіреді және т.б.) байланысты, және ақырында олардың «баск» деген атауымен де байланысты. Баск деген басқы! Ең басқы, атабасқы! Енді басқыдағы және қазақтағы кейбір сөздердің айтылуына зер салайық:
| Басқыда: | Қазақта: |
| Айта | Ата |
| Егун | Кун |
| Дей | де (айт) |
| Танта | Тамшы |
| Езтул | Жөтел |
| Шікі | Кіші |
| Ама | Ана |
| Жастл | Жас |
| Кисон, гиза | Кісі |
| Жар | Жарық |
| Ауо | Ауыз |
| Хар | Құрт |
Хатт, Хетт халықтары байырғы қазақтар.
Алдыңғы жазбаларымда Элам атауының өзі қазақтың «Әлем», «Елім» атауынан шыққанын жазғанмын. Еліміздің батысында орналасқанын негізге алсақ, Элам елін қазақ тұрмақ, біздің бір ғана руымыз Әлім тайпасы ғана құрауы мүмкін деп те айтуымызға болады. Элам, Хатт, Хетт тілдері өте ұқсас болған. Әзірбайжандық Р. Гусейнов деген зерттеуші И. Меликов, И.Фридрих (Грозный, Форрер, Ларош, Кемменхубер, Дьяконов, Дунаевскаяжәне т.б.) секілді ғалымдардың пікірлері негізінде Хатт, Хетт, Элам тілдерінің Шумер тілімен де, түркі тілімен де байланысын сөз қылады. Бұл жерден мен мынадай параллельдерді таптым.
Хатт, Хетт мемлекетіндегі бабаларымыз қолданған сөздердің кейбір мысалдарына назар аударайық:
| Хатт тілінде | Қазақ тілінде |
| Таккыл | Тақыл, тұқыл (бидай) |
| Тек | Тік (киім тігу) |
| Ашаг | Ашық |
| Куру | Көру |
| Куб, Куба | Ұғу (түсіну) |
| Хетт тілінде | Қазақ тілінде |
| Те (атта те, анна те) | Де (ата де, ана де) |
| Тюр | Түр (пердені түр) |
| Атта | Ата |
| Анна | Ана |
Жазбамдағы негізгі әдіс аксиоматикалық әдіс болғандықтан осы жерден байланысты үзіп, бірден шумер тіліне жақындайық.
Шумерліктер арғы қазақтар!
Шумер тіліне келсек Л. Вулли, Г. Винклер, А. Джавад, О. Сүлейменов, А. Аманжолов, А.Мамедов, Т. Гаджиев, Э. Алибейзаде және басқа да көптеген ғалымдар бұл тілдің түркі тілі екенін әлдеқашан зерттеп кеткен. Сондықтан, осы жазбада бұл тілдің түркілік болуы мүмкін деген болжам жасау –менің әкем шынымен де менің өз әкем болуы мүмкін деген күдігі басым жорамал секілді көрінеді. Шумердің ежелгі қазақ өркениеті екендігі бүкпесіз әрі бұлтартпас ақиқат һәм дәлелдеуді қажет етпейтін шындық! Екінші жазбамда көрсеткенімдей әлемдегі ең алғашқы әдеби туындыны ең алғаш біздер, яғни протоқазақтар жазған. Ол, «Білгеміс туралы аңыз» деп аталады және оны арғы бабаларымыз Шумер кезеңінде жазған. Ал осы төртінші жазбамдағы негізгі міндет, тек бұл тілде сөйлеу ғана. Шынымен ақ бізге Шумер тілінде сөйлеу ғана қалды. Бұл тұрғыда тіліміздің ұқсастығын алдыңғы кестелердегідей тек сөздік нысанында көрсеткеннен гөрі, мүмкіндігінше сөйлем құрап көруге талпыныс жасадым. Жекелеген сөздердің мағынасы жоғарыдағы авторлар еңбектерінен, әсіресе О.Сүлейменов зерттеулерінен көрініс табады. Ал бірақ мына кестедегі «сөйлемдерді» еш жерден таба алмайсыздар. Себебі, алғаш сөйлем түзіп отырмын және ол осы порталда алғаш рет жарияланып отыр.
Ендеше осы Шумер кезеңіндегі бабалар тілімен сөйлеп көрелік:
| Шумерше сөйлем үлгісі: | Қазақша түсінілуі: |
| МЕ БИЛГЕ АДА ТУД. | Мені білге бабам туды. |
| МЕ ДІҢГІР ТУМсы. | Мен тәңірдің тумасы. |
| БИ, СИ ДИЛИ КЕН ЕН УЗУК САКАР ЕДЕНде УГ-КЕН ЕРЕН ЕР ДУМУ. | Біз бен сіз ділі кең, ең ұзақ сахара даласындағы үлкен ерен ер тумасымыз. |
| УРУК КУРдым. | Ұлыс құрдым. |
| МЕ ТИР ДУМУ ТУДым. | Мен тірі тума тудым. |
| БИ УРУГ ЕН УГ-КЕН. | Біздің ұрпақ ең үлкен. |
| АНЕ ДИНГИР, АНЕ УД УДУН. | Әне тәңірі, әне от отан. |
| УДУНга УДка ТУШ! | Отан үшін отқа түс. |
| НАМЕ ДЕ? | Немене дейсің? |
| ЕБ ИЗИ ЭД, ЭШ АШ. | Үй ысып кетті, есікті аш. |
| ЕШТИ... ЗАГГИН ИУЗИ УШ ГАШ УД. | Естисің бе ... Жақын жүзген үш құс өтті. |
| ЗАГГИН АРА: АДА ТИР, СА; УРУГ УР, БАДАРА ДЕШ; АНЕ ГУМ, АНЕ СУ, ТУРУГ! | Жақын ара: атаң тірі, сау; құрылыс сал, байрағың тік; құмың әне, суың әне, тіршілік ет. |
| ДИНГИР ТАГ! | Тәңір жалғыз! |
Бауырларым басқа флективті тілдермен ең болмағанда «ырымға» бір сөзі сәйкес келмейтін шумер тілі құдды өз тіліміздей екеніне осы мысалдарға қарай отырып қалай шек келтіруге болады! Осылайша, мыңжылдықтар бойы қарым-қатынас, ғылым тілі болып келген шумер тілін пафоспен болса да қазақ тілі демеске лаж жоқ.
Американың байырғы тұрғындары протоқазақтар.
Теріскей түркілері! Бұл тіркесті оқып отырғандарыңыз осы қазір ғана және бұны алғаш оқып отырсыздар. Тиісінше, бұл атауды түркілер мен батысқа ғана емес, теріскей түркілері мекен ететін Солтүстік жарты шардағы америка жұртшылығына да қатысты мәні бойынша қолданған жағдайда түркілерге қатысты әділеттілік орнаған болар еді. Ол күннің орнауы да әбден мүмкін. Оған нық сенімім бар және негіздер де жеткілікті. Америка үндістері дегеніміз – қайықты қайық, балдызды балдыз деп қазақша айтатын, бөпесін бесікке бөлейтін американдық түркілер, яғни теріскей түркілері. Ол қалай, қайтіп т.б. деген сұрақтарға жауап берудің қажеттілігі де жоқ. Себебі, американдық үндістердің «түркі» екендігі әлдеқашан дәлелденіп, әбден жауыр болған. Бұл жағдай қабырғасын тұрғызып, шатырын жауып үлгергенше, еуропацентризмнің дүлей дауылы соғып, шатыры жұлынып қалқиған кергесі ғана қалған аяқталмаған «сақалды» құрылыс секілді. Бұл жердегі басты миссия теориялық түрде мың мәрте дәлелденіп қойған «ақиқатты», практикалық түрде негіздеп, ешбір жел құлатпастай шатырын нық қылып жабу! Бұл үшін америка үндістерінің түркілер екенін дәлелдеген ғалымдардың еңбектері негізінде үндіс қандастарымызды қазақша сөйлетуге бел буып отырмын. Тілі бір болғанының өзі ғана жеткілікті! Ал бұған майялықтар моншасы мен Отырар моншасының ұқсастығын, үндістер мен түркілердің жаңа туған сәбилерінде кездесетін құймышақтың жоғары тұсындағы түркі дағын (жаңсақ түрде ғылымда моңғол дағы аталып кеткен) қосатын болсақ, үндістердің айбынды тайпалары: төлтектер атауының өзі-ақ таза қазақша төл-тегіміздің бір бұтағынан хабар беретінін, сайын даламызды еске түсіретін балбал тастарының бірдейлігімен бас шұлғыта таң қалдыратын өлмектердің бізге ұқсастығын қосатын болсақ, оларды бірден «қазақ» деп нүкте қоя салуға да болатындай! Өлмек атауының өзі неге тұрады... Бұдан бөлек үндістердің көк бөріні қастер тұтатынын, кейбірінің өздерін бөріден, ит пен балықтан тарататынын қосатын болсақ ше? Міне, бұл көрсетілгендер сөзсіз үндістердің теріскей түркілері екенін көрсетеді. Жоғарыда айтқанымдай бұл байланыстардың ешқайсысына тоқталмай тек тілдік материалды ғана негізге алайық. Ол – үндістердің қазақша сөйлегені! Бұған назар аудару үндістердің түркілік болмысын өздігінен-ақ айқындамақ. Осылайша зерттеушілер түзген, мысал ретінде келтірген жеке-жеке үндіс сөздерінен сөйлем құрап көруге тырыстым. Бәлкім болар, бәлкім жоқ, бірақ бұрын-соңды үндіс сөздері негізінде сөйлемдер құралғаны жөніндегі ақпаратты кездестірген емеспін. Сондықтан да, үндіс тіліндегі қазақша мәні көрсетілген сөйлемдер алғаш рет құралып отыр деуге негіз бар. Сөздердің жалғану тәсілі мен жалғаулар жайы әлі толық зерттелмегендіктен өне бойымдағы түркілік рух сеп болып бірқатар сөйлемдер құралып шықты. Сөйлемдер болғанда қандай? Кез-келген қазақ, кез-келген түрік баласы еш «аудармасыз» түсіне алатын сөйлемдер! Бұдан артық үндістердің түркі екенін дәлелдейтін қандай негіз керек?! Енді қазақ пен үндістің туыс қана, түркі ғана емес, олардың бір екенін айғақтайтын сөйлемдерге келейік. Сөйлемдерді көрнекті татар лингвисі Абрар Каримуллиннің "Прототюрки и индейцы Америки. По следам одной гипотезы" атты еңбегінде келтірілген үндіс сөздері негізінде құрадым. Мәні ашылу үшін бірқатар тұстарын бас қаріптермен белгіледім.[5]
Сиу үндістерінің сөздері:
| Үндісше | Қазақша |
| АТЕ, ИНЕ – ИАСО! | Ата-анам – жасай бер! |
| СҮУ ИЧ, ИНЕ ИМИ ИМим. | Сүт ішіп, анам сүтін емгенмін. |
| ТАНГ ЕКТА БАСКИН КУА КАПСИН, КАН ИУТА МИ КАПО! | ТАҢ АТА БАСҚЫН ҚУА ҚАПСЫН, ҚАН ЖҰТА МЕН ҚАПА болдым. |
| ВАКАН, БАХА, МИ, КОДА ИЧИ – БАГАНА! | ҚАҒАН да, БАБАМ да, МЕН де, ДОС-ҚҰДА да БӘРІМІЗ – БАҒАНАДАЙ қалшидық. |
| ИК САНКЕ ИАСОдым. | Екі шаңғы жасадым. |
Майя үндістерінің сөздері:
| Үндісше | Қазақша |
| БИН ИАШпын. | Мен жаспын |
| БИН БИЛИМ МОЛ АЛЬмын! | Мен білімім мол ұлмын. |
| БИЛИМ – КУШ! | Білім – күш! |
| ИАШ КУН КЕЛди. | Жаңа күн келді |
| БИН ИАШ ИЕМИШ ТІКтим. | Мен жас жеміс көшетін отырғыздым (тіктім) |
| ИЕМИШ МУЛУК. | Жеміс мол |
| ИЕМИШ САТтым. | Жеміс саттым. |
| АКАН ТОКМАКпен ШАГАН ШАПты, ВАТты. | Ағам тоқпақпен шаған талын шауып, уатты |
| ИШ БОС. | Қарным ашты. |
| ЧУЛ ИЧИЛ: БА, ШАЛАН, БАКА МОЛ. | Су ішінде: балық, жылан, бақа көп |
| ИАШ БАЛДИЗ КЕЛди. | Жас балдыз келді |
| УЙЫК ТУР, ТУЙ, ИАШ КУН КЕЛди | Ұйқыңды аш, киін, шашың түй, таң атты |
| УТ ИАКЛЕЛ | От жақ. |
| АК МОЛ, ООЧ МОЛ! | Ақ мол, Ас мол! |
| ПУЛУТ БЕТти, КЕТти. МОЛ БОЯК АК ЧАЧАК КИОЛ КУН ЧЫКты. | Бұлт бітті, кетті. Бояуға малынғандай, әдемі, ақ шашақ күлімдеген күн шықты. |
Кечуа үндістерінің сөздері:
| Үндісше | Қазақша |
| КОК АСИК. | Аспан ашық. |
| ТАУКА КОК ПУС ТУГУди. | Тауға жаңбыр төкті. |
| ТАТА, АГЕ, ИПА – КАРИН АС! | Әке, аға, апа – қарным ашты! |
| ОГРИ ТСАП КУ! | Ұрыны ұстап, қу! |
| КЭТ ҚАКУН, АГЕм ПУЗба. | Кет қатын, ағамды бұзба! |
| СУНКА АГЕмСАКЛА | Кенже ағамның сақалы бар |
| ПОЙ ПАКу УСУК, АРИК МИСИК –КЭЛ! | Ойын баққан кішкене арық мысық – келе ғой! |
| УСУК ПОЙ САНИ АС. | Ұсақ ойыншықтардың саны аз. |
Міне, сонау әлемнің теріскей шетіндегі, мұхиттың арғы бетіндегі бағананы бағана, мысықты мысық, бақаны бақа, шағанды шаған дейтін халық тілінің біздің тілмен ұқсас екеніне қалайша таң қалмауға болады. Ал, егер осы ұқсастықтарды көре тұра міз бақпай, е е бопты деп отырған кейіп, қандай адамның қалпы болмақ!
Калифорниядағы бетегелі Бетекуитос, Юкотандағы бақасы мен балығы тайдай тулаған Бакалар шығанағы, Теріскей жарты шарының әр тұстарындағы Цилан (Жылан), Тулум (Тұлым), Яшиль (Жасыл), Тас (Тас), Яшчилан (Жас жылан) секілді толып жатқан топонимдер теріскей түркілерінің сайрап жатқан іздері емей немене?!
Жаңсақ түрде үндіс деп аталып кеткен халықтар тобының шын мәнінде теріскей түркілері екенін анықтау және біз бен оларға ортақ тілде сөйлеп көру көптеген ғалымдардың ұшан-теңіз еңбегіне тәуелді екенін баса айтып кеткенім абзал болар.
Ә дегенде америка үндістері (сиу-хока теріскей түркілері) тілінің түркі тілдерімен ұқсастығын сонау ХVII ғасырда байқаған ағылшын Дж. Джосселин болды. Ол тіпті оншақты жыл теріскей түркілерімен бірге ғұмырын өткізген. Кейіннен өзінің күнделігі негізіндегі жазбаларын 1672 жылы Лондонда тасқа басады. Бұдан бөлек Дж. Макинтош та 1853 жылы Вашингтонда жарық көрген еңбегінде сиу-хока үндістері тілінің түркі тілдерімен ұқсастығын жазады. Осы секілді, А.Р.Аравио, Роберт Г.Латхам, Юлиус Плацманн (С.Викандер айтуы бойынша) сынды, Н.Ф.Яковлев, В. Вахт, Ф.Милевский секілді зерттеушілері де, антрополог, археолог Тур Хейердал да үндістер тілі мен түркі тілдерінің ұқсастықтарын көрсеткен.
Үндіс тілдерінің түркі тілдерімен байланысын көрсеткен, жалпы үндіс тілдерін зерттеуге бүкіл саналы ғұмырын арнаған Ю. Кнорозовтың табандылығын ерекше атап өткен ләзім. Ал, И.К. Федоров болса кечуа, аймара үндістері тілінің түркі тілдерімен байланысын көрсете отырып, олардың кейбір элементтерінің полинезияда да кездесетінін айтады. Демек, үндіс тілімен етене байланысты қазақ тілі де, полинезия тілімен туыс деген болжам жасауымызға болады (Өз тәжірибемде үзік жұлық болса да кейбір полинезия мен микронезия тілдерінің, тіпті Индонезия тілінің қазақ тілімен жақын үндесетінін аңғарғанмын! Мысалы, ата – каке, ене – нене, май – нинйак және т.б.).
Бұл тұрғыда көп еңбек сіңірген ХХ ғасырдағы скандинавиялық шығыстанушы Стиг Викандер. С. Викандер майя, кечуа тілдерін зерттеген. 1935 жылы Римде өткен Халықаралық шығыстанушылар конгресінде Уругвайлық профессор Б.Феррарио да үндіс тілдері мен түркі тілдерінің туыстығын көрсетеді.
Ең негізгі, ең мәнді және ең қомақты еңбек XIX ғасырдағы көрнекті американ лингвисі әрі полиглоты Фредерих Льюис Отто Реригтің зерттеулері болып табылады. Өзіміздің түркі-қазақ зерттеушілеріне келсек М.Арибжанов, М.Закиев, С.Нуржакиянов, Е.Қажыбеков, әрине А.Кримуллин, Қ.Оразбекұлы, Ш.Ыбыраев, Ә. Ахметов секілді тұлғалар үндістер мен түркілердің туыстығын негіздеп берді. Т.Жұртбай, Т.Нұрлыбайбитегі, Б.Қайратұлы және басқа да авторлар тарапынан журналистік зерттеулер де жүргізілді.
Арғы түркілердің теріскей бетке өтіп Америкаға таралуы үшінші жазбамда келтірілген сумен сипатталатын Атыланты кезеңіне, ақ түтек боран мен мұзбен сипатталатын Гипербөрі кезеңі мен қазірге дейін мұз құрсауланған Арықтыға тікелей байланысты. Міне бұл тұстан кері қайырар болсақ «55000-5500-550» санды формуламның мәні айқындала түседі. Теріскейге өтудің бірінші толқыны түпкі қазақтар алғаш сүйек пен мүйізден бұйымдар жасай бастаған орта палеолиттегі, б.д.д. 55000 жылдарға сәйкес келуі әбден мүмкін. Теріскейге өтудің екінші толқыны кейінгі палеолиттегі 32000-24000 (И.А.Захаров және т.б. зерттеулері бойынша) жылдарға сәйкес келсе, үшінші толқыны мезолит кезеңі басталған 18000-12000 жылдар аралығына тоқтайды. Ал қоныс аударудың төртінші толқыны протоқазақтар жылқыны қолға үйреткен 6000 жылдарда болып өтті деп жорамал жасағанымыз дұрыс болмақ.
Әлбетте, көш бұнымен тоқтап қалмаса керек-ті. Кеме қатынасы мейлінше дамыған тұрсақтар мен Анарыс пен Тоқсарының кеме құпиялары жөніндегі ілімдерімен қаруланған еуропалық түркілер де Атыланты мұхиты арқылы теріскей тарабына жүзіп баруы бек мүмкін.
Мешіттерде азаны шақырылған, азан-қазан тірлік кешкен мұсылмандар аяғы да Америкаға тиеді. 1996 жылы жарияланған тарихшы Юусуф Мруэ мәліметтеріне сәйкес мұсылмандар Американы 1178 жылы ашқан екен.
Бұдан кейінгі кезеңде ХІІІ ғасырда 800 кемеден тұратын Құбылай қағанымыздың флоты Жапонияға жүземіз деп дауыл мен жылы ағыс екпінімен адасып теріскей құрылықтан бірақ шыққан. Бұл да бір кіші толқын. Мойнақтан ғана емес мұхит арқылы да теріскей құрлыққа жүзіп баруға болатынын жоғарыда аталған Норвегия ғалымы Т.Хайердал керісінше бағытта камыс қайығымен Африкадан Панамаға дейін жүзіп жеткендігімен дәлелдеген.
Көш қатарында оғыз-түркілері (мүйізді викингтері), готт-түркілері мен норманн-түркілері бар кеме де Америка жағалауына келіп жетеді. Түркілік болуы әбден ықтимал "Кенсингстон тасына" қашап жазылған руна жазуларына сәйкес, бұл еуропалық түркілердің келген уақыты ретінде осынау 91 килограммдық тас 1362-ші жылды көрсетеді.
Осындай тәртіппен Үндістанды іздеймін деп адасып кеткен Христофор Колумбтың желкенді кемелері тек 1492 жылы ғана Америка жағалауына жетеді. Осылайша, теріскей түркілері әлі күнге дейін қате түрде үндістер аталып келсе, 1499 жылы ғана Америго Веспучий Амазонка жаққа тап болады. Содан бері, мәні бойынша «теріскей түркілер құрлығы» аталуға тиіс құрлық атауы лайықсыз болғанына қарамастан осы күнге дейін әділетсіз түрде Америка (Америго) аталып келеді.
Формулаға қайта орала отырып айтпағым – Қазақ тілі 55000 мың жыл бұрын болған! Бұған дәлел соншама жыл бұрын теріскей құрлыққа өткен төл тегімізден ажырамаған, өлмек болса да бері келмегі жоққа шығарылған бабаларымыздың асыл тілі.
Ортадағы санға қатысты қазақ тілі 5500 жыл бұрын Шумер өркениетінің кең қолданыстағы өміршең тілі болғандығы. Ал, 550 саны Хандығымыз құрылғаннан бері өткен уақыт екені белгілі. Десе де парсы деректеріне негізделген Г.Қамбарбекова мәліметінше бұл дата 1000 жылға шегеріліп отыр.
Айтып айтпай не керек, бұл еңбектің басты ерекшелігі бір ғана тілді талдауға ғана емес, бірнеше қазақы тілді жинақтай отырып қарастыруға арналғанында.
Қазақ тілінің шұрайлылығы мен жан жақты оралымды екені әлем халықтарын таңқалдыруға тиісті. Бұл тілдің ашпайтын құлпы жоқ. Тіпті әншейін ғана әзіл түрінде Шумер – Дулат тайпысының Шымыр руының елі, Аргентина – арғындар негізін қалаған Арғынтина, Бразилия – қазақтың Бір аз елі, Парагвай – Барақбай қарттың, Уругвай – Ұрықбай ақсақалдың құрметіне құрылған елдер, Чили – Ши елі, Альяска – Әлиасқар атамның құрметіне аталған, Эквадор – Екі батыр шайқасқан жер, Каракас – қасы көзі қиылған ару құрметіне аталған Қарақас деп ойнақы сөз өрбіткеннің өзі бейхабар жанға шындай көрінеді. Қандай халық осы тектес топонимдерді өз тіліне қарыс қадам болса да жақындата алады?!
Ал егер қисынға келтіріп: Желмаясымен теріскейден түсіп келе жатқан Асан қайғы екі батыр тірескен жердегі, құрылықтың түйіскен жеріне қарап тұрып, «Осы жер өзі пана ма?!», деп мойын бұрмастан жүре берді дегенге келтірсек, «Панама» атауы қалай пайда болғаны айқын бола кетеді! Алабама қырқасынан Атыланты мұхитына ұзақ қараған Асан қайғы құба жонды аралды көзі шалғасын ол арал «Куба» аталып кететіні негізделе кетеді. Осылай намаз уақыты жақындағанда Куба жақтан Құбыланы бағдарламақ болған Асан қайғы атамыз әріректен және бір қияғы мен қоғасы қарауытқан, қамысы сусылдаған аралға көзін салған күйі «Ну қара қоға» дегені негізінде «Никарагуа» атауы пайда болды деп Асан қайғы бабамыздың жүрген кеңістігін кеңіте түссек біреу біздің тонымызды шешіп ала ма?! Қалай болғанда да жер жаһандағы тау мен тасты, адыр мен бедерді мәніне келтіре бейнелей алатын қазақ тілінің құдыретіне қалайша таң қалмасқа! Осынысына және Американы өз мекені еткен теріскей түркілерінің тілі болғанына ғана бола қазақ тілі түркі тілдері арасынан шыққан «делегат» тіл ретінде Америкада орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымындағы құжаттар тәржімалануға тиіс жетінші халықаралық тіл болуға әбден құқылы! Бұлай болғаны біріншіден әділеттің салтанат құрғаны, екіншіден әлемдік берекеттің орнауының кепілі болар еді. Себебі, халықаралық тілдерден тұратын АФРИКА аббревиатурасындағы 6 (алты) тіл, АЛТЫ саны көзге ұрып тұрғандықтан жердегі тәртіпке таза емес күштердің ықпалын шақырып тұрғандай. Ал, бар болғаны екі айда үйренуге болатын ҚаЗаҚ тілі халықаралық тіл болса, онда халықаралық тілдер саны ЖЕТІ болғандығы жағдайының өзі ақ күллі әлемді нұрландырып, дәулет пен сәулетке жеткізетін еді...
Осымен, төртінші жазбам да тәмәм болып отыр ағайын! Тікелей «хандыққа» байланысты мәселелер қозғамағанымның басты себебі, төрт жазбамда да тек тың тақырыптар көзделгендігінде деп түсінгейсіздер.
Шіркін осы жазба ағылшын тілінде Американдықтар назарына жетіп жатса қане ...
Автор туралы қысқаша мәлімет:
Қошқарбаев Ерболат Еркінұлы
Заңгер, Журналист, Құқық магистрі, Философия магистрі.
Еңбек жолымды құқық қорғау органдарында, сот жүйесінде бастағанмын. Жеті Жарғы Республикалық Заң әдебиеттері баспасының редакторы болдым. Әр жылдары Алматыдағы ҚазККА, ҚазҰПУ, ҚазҰМУ секілді ЖОО-да философиялық, құқықтық пәндер бойынша дәрістер оқыдым. 2005 жылдан бастап С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де философия, құқық негіздері, медициналық құқық т.б. пәндер бойынша шәкірттерімен жұмыс жасап келемін.
Заң саласында: С.Зиманов, Ғ.Сапарғалиев, Е.Жәкішев, С.Сартаев, А.Ағыбаев сынды тұлғалардың; Журналистикада: қытымырлау атам Т.Қожекеевтің, Б.Жақып, Н.Омашев, С.Медеубекұлы, Т.Жұртбай, Қ.Сақ, Д.Ысқақтардың, Философияда: Ә.Нысанбаев, С.Нұрмұратов, М.Орынбеков секілді тұлғалардың мектептерінен өттім.
[1]Шамиль Мингазов "Этруски и тюрки". paneravis.ru. Осы сияқты Ш.Нафиков. Н.Кадретдин және т.б. жазбалары.
[2]Макнамара Э. Этруски. Быт, религия, культура /Пер, с англ. Т.Е.Любовской. - М.: ЗАО. Центрполиграф, 2006.
[3] Блок Р. Этруски. Предсказатели будущего/Пер. с англ. Л.А.Игореаского. - М.: ЗАО. Центрполиграф, 2004
[4]Робер Ж.-Н. Этруски. - М.: Вече, 2007
[5] Каримуллин А.Г. "Прототюрки и индейцы Америки. По следам одной гипотезы"
Москва "ИНСАН", 1995
