Оралдықтар "Наурызды" орыстың туымен қарсы алды

/uploads/thumbnail/20170708172059424_small.jpg

Биыл БҚО, Орал қаласында  Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесін тойлауға орталық алаңға жиылғандардың қарасы әдеттегіден мол болды. Алайда орталықтағы кәдесыйлар сатылатын орындардың  біреуінде "Қазақстан Республикасының" көк  туы кездеспеген. Керісінше  одақтасымыз Ресейдің мемлекеттік туы  жер-жерде самсап тұрды.

Оралдықтар ҚР Конституциясында көрсетілгендей ҚР Мемлекеттік туын орынсыз қолданудан қорқа ма? Әлде ауылдары аралас жатқан Ресейдің  мемлекеттік туына деген ерекеше құрмет пе бұл? Бұған жауап беруге тиісті бірден-бір мекеме - БҚО Ішкі саясат басқармасы болған соң, байланысқа шыққан ек,  ол жақтағылар Наурыз мерекесіне орай заңды демалыста болып шықты.

Ал "Уральская неделя" басылымында аталмыш жағдайға қатысты қызу пікір-талас жүруде.  Бірқатар белсенділер мұны ұлтшылдардың ушықтыру әрекетіне баласа, енді біреулер мұның ақырын  "Қырым аннекциясына" телуде. Ал тағы бір белсенділер облыстық Ішкі саясат басқармасы мен әкімнің идеологиялық кеңесін сынға алуда.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар