Қазақстандық опера әншісі Францияда ұшақ апатынан қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170708172109295_small.jpg

Кеше Францияның Альпы тауында апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағында қаза болғандардың қатарында Қазақстанның тумасы, әйгілі опера әншісі Олег Брыжак бар. Бұр туралы "Қамшы" порталы "Blid" басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Дюссельдорфтағы "Дуйсбург" неміс Операсы театрдың бас-баритоны Олег Брыжактың қазасына қайғырып көңіл айтады. Ол Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған U49525 рейсінде болған. Ресми мәліметте ұшақта болғандардың түгел қаза болғандығы айтылған" ,-дейді өзінің Twitter  парақшасында неміс журналисті Гонне Гарлинг. Ал "Дюссельдорф" неміс опера театры басшылығы Олег Брыжактың қаза болғандығын растаған. "Біз өзіміздің ғана емес, әлемдік операдағы ұлы әнші, үлкен дауыс иесінен, Олег Бырыжактан айырылып қалдық",-дейді театр директоры Кристоф Майер.

Олег Бырыжак - 1960 жылы Қазақстанда туған. Қарағанды мемлекеттік музыкалық училишесін тәмамдаған соң  Олег Алматыдағы косерваторияда жеке вокал класынан сабақ алады. Косерваторияны аяқтаған соң Жезқазған, Теміртаудағы музыкалық училишеде сабақ берген. Сондай-ақ, Олег Чельябинскідегі, Львовтағы, Санкт-Петербордағы музыкалық академияларда оқытушы болып қызмет атқарады. 1996 жылдан бастап немістің "Дюссельдорф" опера театрына ауысады.

Операда үлкен жетістіктерге жеткен Олег сонау Париж, Цюрих, Бонн, Кельн, Штутгарт, Нюрнберг, Гамбург, Берлин, Дрезден, Мюнхен, Токио, Лондон, Амстердам, Прага, Чикаго, Страсбург, Лос-Анджелес, Берлин, Мадрид сахналарында ән шырқаған.

Ол өзінің соңғы сұхбаттарының бірінде, (Deutsche Welle ) "Мен Украинаны, Ресейді және туған жерім аяулы Қазақстанды сүйемін. Мен  ұлтаралық теңсіздік деген сөзді жек көремін",деген болатын.

Еске сала кетейік, кеше Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A-320 ұшағы  Францияның Альпы тауында апатқа ұшыраған болатын. Бортында 154 жолаушы болған, олардың  6-сы экипаж мүшелері.

Соңғы дереккөздерінде апатқа ұшыраған ұшақта Германия, Франция, Испания, Нидерланды, Ресей, Түркия, Жапония және Колумбия азаматтыра болған. Ал апаттан тірі қалғандар туралы нақты ақпарат жоқ.

Ал кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Испания корольдігіне қазаға ортақтасып, көңіл айту жедел хатын жолдады.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар